Похожие материалы
Уроки математики / Другое / №9орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Тажигулова Нургул Салауатқызы

№9орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Тажигулова Нургул Салауатқызы

Тәрбиеші: Н. Тажигулова

Білім беру саласы: Таным     

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді

қалыптастыру
Тақырыбы :  2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын, сопақша
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: 

Білімділік: 2 санымен және цифрымен таныстыру. Сан қатарындағы орны, құрамы

туралы түсінік беру, тура және кері санауға үйрету.

Дамытушылық: балалардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып,

өзіне таныс заттарды көлеміне, ұөындығына қарай (ұзын, қысқа)

салыстыра алу дағдыларын дамыту; геометриялық фигура – сопақша туралы өткенді пысықтау, оны өзге фигуралардың арасынан табу.

Тәрбиелік: балаларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар.

Көрнекілігі: интерактифті тақта,үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс:  айналамен таныстыру, тіл дамыту,.

Іс-әрекеттер

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Психологиялық дайындық

-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Жылулық шеңбері

-Біздің жүрегіміз қандай?

Олай болса, жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.

(алақандарын үрлеу)

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атаңдаршы

- Күз мезгілінің ерекшелігін айт

Балалар қане маған 5-ке дейін санап беріңдерші.

Ал енді кері санаймыз

-Өткен оқу іс-әрекетімізде қандай санмен таныстық?

-1 саны неге ұқсайды?

Санамақтар айту

Суретпен жұмыс

1-тапсырма

Жұмбақ

Далада жүрген түйенің

Іші пысты жалықты.

Төлі келіп қасына

Қатары оның толықты.

-Далада неше түйе жайылып жүр?

-Сәлеметсіз бе?

-мейірімді, батыл

Ашық болсын күніміз

Биік болсын туымыз.

Тату болып халықтар

Аман болсын балалар!

Балалар жауабы

1 саны

-Екі түйе жайылып жүр.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

2 санының цифрымен таныстыру.

-2 саны неге ұқсайды?

-Онымен қандай цифр көрші тұрады?

Өлең оқу

Басында бар ілмегі,

Ортасында тірегі,

Толқып қанша жүзсе де,

Тұрады екінші үнемі.

2-тапсырма

Көп цифрлардың арасынан тек 2 цифрын ғана қоршап сызуды тапсыру

Сергіту сәті.

Жаратқанның бергені,

Екі көзім бар менің.

Екі құлақ қалқиып,

Айтқан сөзді ал құйып.

Жоқ ешкімнің ортағы

Екі бүйрек бар тағы

Жүгің болса кет үйіп,

Көтереді екі иық

Жүру қандай оңай ақ

Бар болғаны екі аяқ.

Екі қолың қос қару

Керек дұрыс басқару.

«Кім бірінші?» ойын

Екі баланы тақтаға шығарып, оларға бір-бірден лентадан ұстатып, лентаны қолдарына орауын сұрау.

Бір баланың лентасы қысқа, екіншісінікі ұзын екендігін көрсету.

-Лентаның бірі неліктен тез оралды?

-Қай түсті лента ұзын?

-Қайсысы қысқа?

3-тапсырма

Жолақшамен жұмыс

-Балалар мынау қандай фигура?

-Көлемдері бірдей ме?

Енді мына үлкенінкөк жолаққа, кішісін қызыл жолаққа орналастырайық.

-Үстіңгі жолақта қандай сопақшаны қойдық?

-Төменгі жолаққа ше?

«Қандай заттар сопаққа ұқсас» дидактикалық ойыны

4-тапсырма

Шөл даланың серкесі,

Өзіңің бар өркеші.

Анда-санда шөлдейтін,

Ботаға жол көрсетші.

Балалар ұзын жолды сары қарындашпен, ал қысқасын жасыл түспен бояуды тапсыру.

-Сары түсті жолдың ұзындығы қандай?

-Жасыл түсті жолдың ұзындығы қандай?

-Бота қайсы жолмен жүрсе баратын жеріне тезірек жетеді?

Аққу құсына ұқсайды

1

Балалар өлеңді тыңдайды,мбірге қайталап айтады.

Барлық 2 цифрын тауып, қоршайды.

Балалар өлеңге сай қимыл қозғалыстар жасайды.

Балалар лентаны қолдарына айналдырып бірнеше рет орайды. Содан соң қысқа лентаның тез, ал ұзын лентаның баяу оралатындығын ұғынады.

-Сопақша

-Жоқ. Бірі үлкен, екіншісі кіші

-Үлкен

-Кіші

Балалар тапсырманы орындайды.

-Сары жол ұзын.

-Жасыл жол қысқа.

-Жасыл жолмен жүрсе тез жетеді.

Рефлексиялық түзетушілік

-Менде 2 алма бар оны қандай санмен белгілесем болады?

2 саны неге ұқсайтын еді?

Балалар , сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?              

-Бүгін қандай санмен таныстыңдар?

-Ия ,ұнады.

-2 санымен

Күтілетін нәтиже

Біледі:2 цифрын, «жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды.

Игереді: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан табуды, геометриялық пішіндерді ажырата алуды меңгереді.

Меңгереді: 2цифры туралы түсінікті. Алыс пен жақынды ажыратуды.

Автор
Дата добавления 11.12.2016
Раздел Дошкольная
Подраздел Другое
Просмотров387
Номер материала 1487
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.