Уроки математики / Конспект урока / План урока по математике на тему "Шамалар. Баға, өлшем, құн (2 класс)"

План урока по математике на тему "Шамалар. Баға, өлшем, құн (2 класс)"

Пәні: математика

Сыныбы: 2 «Г»

Сабақтыңтақырыбы:Шамалар. Баға, өлшем, құн

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құн, баға, өлшем жайында білімді бекіту , кері есеп құрастыруға, теңдеуді шешуге, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Оқушылардың құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, теңгелер, түрлі заттар, парақшалар, топтық жұмыс қажетті ақ беттер

Сабақтың типі: білім білік дағдыны бекіту

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік,түсіндіру

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңаматериалдымеңгеру

IV. Бекіту

V.Қорытынды

VI.Үйге тапсырма

VII. Бағалау

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдерме, балалар! Отырыңдар! Математика пәні кітап дәптерлеріңді алып, сабаққа дайындалайық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

-Балалар, үйге сендерге 168 беттегі № 6,7 тапсырмаларды шығарып келуге берілген. Барлығымыз дәптерлерімізді ашайық.Әр қатардан 2 оқушыдан оқытып сұраймын.

- Балалар, дәптерлеріңді ашып қойыңдар! Жаттығуды орындап орындамағандығын тексеремін. Оқушылардың дәптерлерін жинап алып,

2 дәптерлерінтаратамын.

ІІІ.Жаңаматериалдымеңгерту

Бүгін біз сабақта баға, өлшем, құн тақырыбы бойынша есептер шығарамыз.Сабақ барысында кестелерді толтыру, есептерді шығару және кері есеп шығару, есептер құрастыру,логикалық есептер тапсырмаларын орындайық. Кітабымыздың 124 бетін ашайық.

Ақша туралы түсінік

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Ол не үшін қажет, бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма т. б. туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтау.

Теңгенің шығу тарихы туралы түсінік беру 1993жылы15қарашада ұлттық валютамыз айналысқа енді.

1.Дүкенде магниттер сатылады.

1) суреттегі шие бейнеленген магниттердің саны қанша?

2) Алма бейнеленген әрбір магниттің бағасы қандай?

3) Бағалары а) бірдей; ә) әр түрлі магниттерді ата.

4)Қуыршақтар бейнеленген магниттердің құны қанша?

Магниттер

Шие алма жұлдызша

қуыршақтар

2. Берілгендерді кестеге орналастыр:

1) 50 теңгеден 2 бананға 100 тг төленді;

2) 90 теңгеге 30 теңгелік 3тоқаш нан сатып алынды;

3) 25 теңгелік 4 конверт үшін 100 тг төлеу керек;

4) 100 теңгеге 20 теңгеден а шарик сатып алынды;

Бағасы

Саны

Құны

50

2

100

30

3

90

25

4

100

20

5

100

3.Есепті шығар және бір кері есеп құрастыр.

1) Ақмарал мектеп жабдықтары үшін 78 тг төледі. Жай қарындаштың бағасы 38 тг, қалған ақшасын қылқалам үшін төледі. Қылқаламның бағасы қанша?

Не белгілі? Не белісіз? Сұраққа жауап беру үшін есептің шешуін қандай амалмен шығарамыз?

Шешуі: 78 – 38 = 40

Жауабы: қылқаламның бағасы 40 теңге

2) Ақмаралдың 100 теңгесі болды. Ол 90 теңгеге сауда жасады. Ақмаралдың неше теңгесі қалды?

Не белгілі? Не белісіз? Сұраққа жауап беру үшін есептің шешуін қандай амалмен шығарамыз?

Шешуі: 100 – 90 = 10

Жауабы: Ақмаралдың 10 теңгесі қалды.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына

Қойды допты жанына,

Оңға бір қарады,

Солға бір қарады,

Биік тау деп ойлады.

4.Мектеп жәрмеңкесінен Ақмарал 70 теңгелік қағаз кеме және одан 40 теңге арзан пластилиннен жасалған қол шатыр сатып алды. Сатып алынған заттардың құны қанша?

Не белгілі? Не белісіз? Сұраққа жауап беру үшін есептің шешуін қандай амалмен шығарамыз?

Шешуі: 70 – 40 = 30 70 + 30 = 100

Жауабы: заттардың құны 100 теңге

5. Тура теңдіктердегі қалып қойған ұзындық бірліктерін жаз:

2 дм = 20 см 1 дм 5 см = 15 см

30 см = 3 дм 1 дм 2 см = 12 см

6. Қанша артық?

50 тг

12 тг

65 тг

100 тг

25 тг

48 тг

20 тг

9 тг

5 тг

90 тг

20 тг

0 тг

IV. Бекіту

9. Екі кесінді сыз: бірінші кесіндінің ұзындығы 1 дм, екіншісінің ұзындығы бірінші кесінді ұзындығынан 4 см кем.

10. Екі тауықтың массасы бір қаздың массасына тең, ал екі қаздың массасы бір күркетауықтың массасына тең. Егер бір тауықтың массасы 3 килограмға тең болса, күркетауықтың массасы неге тең?

Шешуі: 3+3 = 6 бір қаздың массасы

6+6 = 12 бір күркетауықтың массасы

Жауабы: күркетауықтың массасы 12 кг

V. Қорытынды

Таратпа қағаздарын таратамын.

1.Тапсырмасы: қателерді түзет:

1 сағ = 25 сағ

1 дм = 20 см

1 м = 1000 см

2.Анықтаманы толықтыр:

Массаның бірлігі –

Сыйымдылықтың бірлігі –

1 сағ =

1 тәул. =

1 м =

V. Қорытынды

Логикалық тапсырмалар

1. Өрісте10 қой жайылып жүр. 3 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қалды?

2. Аулада 3 қаз, 2 тауық жүр. Барлығының аяқтары нешеу?

3. Атам, әжем, ағам.

Әкем, інім және мен.

Анам және енесі

Енесінің бөлесі

Отыр едік шәй ішіп.

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында кіші інім.

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің?/10/

VІ. Үйге тапсырма

125 беттегі № 7,8 тапсырма

VІI. Бағалау

Тақтаға шыққан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Автор
Дата добавления 06.12.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров776
Номер материала 1440
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.