Уроки математики / Конспект урока / Поурочный план на тему "Дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшектер" (5 сынып)

Поурочный план на тему "Дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшектер" (5 сынып)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.1.С

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып : 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сипаттама)

5.1.1.10

дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

дұрыс және бұрыс бөлшектер ережелерін біледі,оларды ажырата алады

Оқушылардың басым бөлігі:

дұрыс және бұрыс бөлшектерді қысқарта алады,есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

дұрыс және бұрыс бөлшектерді есептер шығаруда қолдана отырып,қиындығы жоғары есептерді өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері

1. дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратуда бөлімнің негізгі қасиетін қолданады.

2. дұрыс және бұрыс бөлшектерді қысқарта алады;

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- дұрыс және бұрыс бөлшектер ережесін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

-дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек,бөлшектің алымы,бөлшектің бөлімі,бөлшек сызығы

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият, сыйластық, ашықтық, рухани құндылықты сақтау және құрметтеу дағдыларын қалыптастыру, өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы білім

Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

2 мин

2 мин

2 мин

Шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды атмосфера құрып,оқушылар назарын бүгінгі сабаққа шоғырландырамын.

Жаңа тақырыпқа байланысты терминдер жазылған түрлі –түсті кеспелерді таңдау арқылы топқа бөлемін.

«Ой қозғау» әдісі.

Сұрақ-жауап арқылы меңгерген ақпарат бойынша оқушының алған білімін саралау.

Үй тапсырмасын тексеремін

«Мен саған сен маған» әдісін қолданамын

( Жұп болып дәптерлерін тексереді)

«Бес саусақ» әдісімен қалыптастырушы бағалаймын.

Үлестірме кеспелер

Сабақтың ортасы

36 мин

8 мин

13 мин

5 мин

8 мин

2 мин

І. (ТЖ) «Алтын сандық» әдісін пайдаланып тапсырма беру арқылы дұрыс және бұрыс бөлшектер ережелерін өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін.

Тапсырма:

Топта талқылайды, топтар бір-біріне түсіндіреді.

Нәтижесінде жаңа тақырып туралы түсінік қалыптасады. Сабақтың мақсаты нақтыланады, дұрыс және бұрыс бөлшектер ережесін түсіндіріп, қорытындыланады.

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар (оқулықпен жұмыс)

«Конверт-сұрақ » әдісін пайдалана отырып оқулықтағы

851. (Дұрыс бөлшектерді бір қатарға,бұрыс бөлшектерді екінші қатарға теріп жазыңдар);

1) 1/4; 2/5; 3/2; 7/12; 13/13; 8/23;17/10;31/34; 9/7

856. (Бөлшектерді қысқартып, дұрыс және бұрыс бөлшектерді жеке жеке теріп жазыңдар)

6/8, 18/15, 21/21,44/36,15/55,46/30,42/90,88/88,16/60,56/96

862. (Бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар)

1) 4 алмада неше 1/3 үлес бар? 2) 7 алмұртта неше 1/4 үлес бар?

3) 3 қауында неше 1/10 үлес бар?

есептерді деңгейлеріне қарай тақтаға шапшаңдықпен орындатамын. Сары (жеңіл), жасыл (орташа) қызыл (күрделі) түсті конверттен деңгейлік тапсырмаларды беремін. Сұрақ-жауап арқылы бірнеше есепті ауызша сұралым болады.Оқушының ережелерді қаншалықты түсінгенін бағамдауға көмектеседі. Дескриптор

  1. дұрыс және бұрыс бөлшектер ережелерін пайдаланып,оларды ажыратады.

  2. Бөлшектерді қысқартады.

  3. Жауабын дұрыс жазады.

«Бағдаршам» әдісімен қалыптастырушы бағалаймын.

ІII.«Бұрыш» әдісі.(Топтық жұмыс) Сұрақ дайындап сұрақтарды нөмірленген стикерлерге жазып, сыныптың әр бұрышына ілемін.

Смайликтер тарату арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

Сергіту сәті: (Қызықты математика есептерін) беремін.

IV.(ТЖ) «Венн диаграммасы» әдісін пайдаланып, дұрыс және бұрыс бөлшектердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстырады. сұраққа жауап беру арқылы оқушылар ойын тұжырымдап, қасиеттерді қайталау арқылы тақырып қорытындыланады.

Бағалау парағы арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

Оқулық, жұмыс дәптері, тақта,бор , бағдаршам түстері, слайд

Оқулық , дәптер, тақта, бор, деңгейлік тапсырмалар жазылған конверт, бағдаршам түстері

Стикерлер

Плакат,маркер,бағалау парағы

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ барысында жиналған бағдаршам түстерін ескере отырып және топ басшысының бағалау парақшасының қорытындысы арқылы бағалаймын.

Қолдарына таратылған смайликтерді рефлексия тақтасына жабыстырады.

Үйге тапсырма беремін: № 855 есеп

стикерлер

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбі

рек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

1.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға сұрақтар мен жұптық, жеке тапсырмалар беріледі.

3.Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін.

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

  1. «Бағдаршам»әдісі ;

  2. Бес саусақ”әдісі

  3. «Бағалау парағы» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Денсаулық сақтау технологиялары. Белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Автор
Дата добавления 05.11.2018
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров3992
Номер материала 5913
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.