Уроки математики / Другое / Сценарий "КВН" по математике

Сценарий "КВН" по математике

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар және кеш қонақтары! 8 «Ә» сыныбының өткізгелі отырған «Көңілді тапқырлар клубына» қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

«Жақсы күлкі – рухани денсаулықтың сенімді белгісі» -, демекші астарлы әзіл, әуезді әуенмен қоса көтеріңкі көңіл күй сыйлап, езулеріңізге күлкі ұялатып, доллар өсіп, тауар қымбаттаған заманда, дәріханадан қымбат дәрілерді сатып алмауларыңызға жағдай жасаймыз!

1-жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

КВН-імізді бастаймыз.

2-жүргізуші:

КТК-мыз: 1) сәлемдесу; 2)жамбы ату яғни биатлон; 3) көрініс; 4) видео-фото әзілдерінен тұрады. Бұл КТК-мыз кішігірім, тек 1 топ болғандықтан бағамызды сіздер, яғни көрермендер берерсіздер.

КВН-дерде командалар шыққанда әрдайым биден бастайды емес пе?! Біз де бір билеп тастайық. Ааал, кеттік!!!

  1. Алдарыңызда көрініс: Бақылау жұмысы

Мұғалім: Ал, бақылау жұмысы нәтижесімен танысайық. Байжуманов 4, Кемелбай 4, Бейтек 5, Петров 4, Серікбол 5...

Оқушы: Апай, біздің арамызда ондай оқушы жоқ.

Мұғалім: Мұғаліммен салғыласпа. Мен бақылауды қайта тексермеймін. Ал, сендердің паспорттағы фамилияларыңды өзгертуге болады.

  1. Көрініс: Күлсең, кәріге күл

Оқушы: Апа, жасыңыз қаншада?

Апа: 60-та, қарағым

Оқушы: Саусақпен көрсетіңізші.

  1. Көрініс: Математик қызбен танысу

Жігіт: Қарындас, нөмеріңізді беріңізші

Қыз: Жазып алыңыз, 87 млрд 715 млн 577 мың 142

  1. Керемет фигура көрінісі

Қыз: Мен семіз емеспін. Маған Жұмағажы фигураң мінсіз деді ғой.

Досы: Ол математик қой. Ол үшін ең керемет, мінсіз фигура ол шар.

  1. Көрініс: Кітап дүкенінде болған оқиға

Оқушы: Қандай кітап алсам болады екен?

Кітап сатушысы: Мына кітапты алсаң, ішінен үй тапсырмасының тең жартысын табасың.

Оқушы: Жақсы екен. Онда маған екеуін беріңізші.

  1. Әке мен бала әңгімесі

Баласы: Әке, менің атымды ауыстырайықшы

Әкесі: Оппа, Қандай есімге?

Баласы: Биссектриса!

Әкесі: Неге?

Баласы: Себебі, мен әрдайым бұрышта тұрамын ғой.

  1. Көрініс: Екі дос

1 дос: Менің математикам ақсап жүр...

2 дос: Менікі мүлде жүрмейді.

  1. Емтихан басталардан бұрын...

Мұғалім: Сендер уайымдамаңдар, барлықтарың оң баға аласыңдар.

Оқушылар: Оң??? Ол қалай?

Мұғалім: Нөлден үлкен!!! Екі, әрине!

  1. Көрініс: Мұғалім мен оқушы:

Мұғалім: Сенде 6 алма бар. Жартысын ағаңа бердің. Сонда сенде неше алма қалады.

Оқушы: 5 жарым

  1. Математика сабағы. Бөлшектер тақырыбы

Мұғалім: 4 картопты 5 адамға қалай бөліп береміз?

Оқушы 1: білмеймін

Мұғалім: Отыр, екі. Айжан, саған да осы сұрақ.

Оқушы 2. Білмеймін

Мұғалім: Отыр, екі. Ұлар сонымен 4 картопты 5адамға қалай бөлңп береміз?

Ұлар: Пюре жасап береміз.

  1. Бұзақылар

Мұғалім: Сен неге кешіктің?

Оқушы: Мені бұзақылар тонап кетті.

Мұғалім: Сонда не алды?

Оқушы: Үй тапсырмасы жазылған дәптерімді.

  1. 1қыркүйек, 1 сынып

Мұғалім: Сендер мектепке келдіңдер. Бұл жерде тыныштық сақтау керек. Ал егер сұрақ қойғыларың келсе, қолдарыңды көтеру керексіңдер.

Оқушы қолын көтереді.

Мұғалім: Сен бірдеңе сұрағың келді ме?

Оқушы: Жооқ, тек система қалай істейтінін көрейін дегенмін.

  1. Жол полициясы

Жол полициясы: Айыппұл төлеңіз.

Жігіт: Жарайды, тек сен мына жұмбақты шеш. 2+2=4 және2*2=4, ал 3+3=6 және 3*3=9

Жол полициясы: Білмеймін, бара бер.

2 жол полициясы: Сенің жоғарғы математикада не жоғалттың? Сені қалай үйретті? Аласың және бөлесің.

  1. Екілік

Мұғалім: Байжуманов, күнделігіңді алып кел. Кешегі екілігіңді қойып берейін.

Оқушы: Күнделігім жоқ.

Мұғалім: Ол қайда?

Оқушы: Мейіржанға ата-анасын қорқытуға бердім.

  1. Әдемі сан

1дос: Ең әдемі сан 486000

2 дос: неге?

1дос: 90*60*90

Көрініс: Жас маманның сабағы

Оқушы: Апай

1-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда 8 «ә» сынып оқушылары орындауындағы тамаша би. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Бүгінгі КВН талай шабыт шыңдады,
КВН қызығын талай адам тыңдады,
2-жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет

1-2-жүргізуші:
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.

Автор
Дата добавления 03.12.2016
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров1203
Номер материала 1394
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.