Уроки математики / Конспект урока / Төртбұрыштар және олардың белгілері мен қасиеттері

Төртбұрыштар және олардың белгілері мен қасиеттері

8.1В Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Күні: 28.09.2017

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 8 а, d

Сабақ 21-22

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Төртбұрыштар және олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.3

параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның белгілерін қорытып шығарады және қолданады;

8.3.1.4

параллелограммның қасиеттерін қорытып шығарады және қолданады;

8.3.1.5

тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;

8.3.1.6

ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды тіктөртбұрыш, ромб, параллелограмм анықтамаларымен таныстырып, белгілері мен қасиеттерін ұғындыру. Бір- бірінен айырмашылығын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Тіктөртбұрыш анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

Параллелограмм анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін біледі;

Ромб анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін біледі;

Осы төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қолданады;

Тілдік мақсат

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

- төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді;

- есеп шығаруды дәйектейді;

- бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады.

Пәндік лексика мен терминология

- көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш;

- дұрыс көпбұрыш;

- дөңес, дөңес емес көпбұрыш;

- көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар;

- параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат, трапеция;

- трапецияныңтабандары және бүйір қабырғалары;

- тікбұрышты трапеция;

- теңбүйірлі трапеция;

- диагональ;

- пропорционал кесінділер;

- үшбұрыштың орта сызығы;

- трапецияның орта сызығы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ... ;

- көпбұрыш дөңес болады, себебі...;

- көпбұрыш дұрыс болады, егер ...;

- берілген n- бұрыштың n ... болады;

Құндылықтары дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика

АКТ қолдану дағдылары

Power Point

Бастапқы білім

Үшбұрыш теңдігінің белгілері; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері; параллель түзу белгілері мен түзудің қиюшымен арасындағы бұрышы;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

  1. сабақ

3 минут

2 минут

13 минут

7 минут

15 минут

  1. сабақ

15 минут

15 минут

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар және олардың қасиеттері

8.3.1.3

параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның белгілерін қорытып шығарады және қолданады;

8.3.1.4

параллелограммның қасиеттерін қорытып шығарады және қолданады;

Жаңа тақырыпты ашу

II Топқа бөлу

Оқушыларды «Тіктөртбұрыш», «Параллелограмм», «Ромб» 3 топқа бөлеміз. Осы сөзді таңдаған 3 оқушы топ лидерлері, сәйкес суреттерін таңдаған оқушылар (қалған 3 оқушы) сол топтардың мүшелері.

Топпен жұмыс.

1) «Детективтік агенттігі» дидактикалық ойыны ойнатылады.

Операция: «параллелограмм ізделінеді».

«Айғақтар тізімі»:

1. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетін төртбұрыш.

2. Екі қабырғасы тең және параллель төртбұрыш.

3. Қарама - қарсы қабырғалары тең болатын төртбұрыш.

4. Әрбір көршілес екі қабырғаларының сыртқы бұрыштарының қосындысы тең және 1800тең.

Төртбұрыш және параллелограмм анықтамасын дәптерге жазып алады.

Анықтама 1. Төртбұрыш – төрт нүктеден және сол нүктелерді қосатын кесінділерден құралған фигура.

Анықтама 2. Параллелограмм – қарама- қарсы қабырғалары өзара паралллеь болатын төртбұрыш.

2) Тапсырма ретінде параллелограмның қасиеттерін дәлелдеуді (шығаруды) ұсынамыз.

1- топ.

Параллелограмның диагоналдарының қиылысу нүктесінде қақ бөлінетінін дәлелдеңіз.

Есеп: параллелогаммында диагональдары О нүктесінде қиылысады. см болса, диагоналінің ұзындығын тап.

2- топ.

Параллелограмның қарама - қарсы бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз.

Есеп: параллелогаммында . тап.

3- топ.

Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180о-қа тең екенін дәлелдеңіз және т.с.

Есеп: параллелогаммында градустық өлшемін тап.

Постер қорғау (конспект)

Паралллелограмм анықтамасы, қасиеттері мен белгілерін мұғалімнің бағытымен тұжырымдап, дәптерге түртіп алу.

  1. қасиеті. Параллелограммның қарама- қарсы қабырғалары тең болады.

  2. қасиеті. Параллелограммның қарама- қарсы бұрыштары тең.

  3. қасиеті. Параллелограммның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөледі.

  4. қасиеті. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180о-қа тең.

  1. белгі. Егер төрбұрыштың екі қабырғасы параллель және тең болса ол – параллелограмм.

  2. белгі. Егер төртбұрыштың қарама- қарсы қабырғалары қос- қостан тең болса, ол – параллелграмм.

  3. белгі. Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қақ бөлетін болса, ол – параллелограмм.

8.3.1.5

тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;

8.3.1.6

ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;

Анықтама 3.

Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм тіктөртбұрыш деп аталады.

Анықтама 4.

Барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм ромб деп аталады.

Сыныпқа сұрақ (кері байланыс): Осы төртбұрыш қасиеттері туралы не айта аласыз?

Параллелограммның барлық қасиеттері ромб және тіктөртбұрыш үшін орындалады.

ІІІ. Жұппен жұмыс. (Оқушыларды жұпқа стикерлер арқылы бөлеміз. Әр жұп бір- бірінің дәптерін тексереді.)

  1. Төртбұрыштың параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

  1. Параллелограммның түрін анықта. Периметрін тап.

  1. Параллелограммның түрін анықта. Барлық бұрыштарының градустық өлшемін тап.

Жеке жұмыс (өзін- өзі тексеру)

  1. ромбында бұрышы . (Жауабы 72)

  2. Тіктөртбұрыштың кіші қабырғасы см. Диагональдары бұрыш жасап қиылысатын болса, тіктөртбұрыш диагоналін тап. (40)

  3. Тіктөртбұрыш диагоналі бұрышын 1:2 қатынасында бөледі. Кіші қабырғасы 41 см. Диагональ қанша см? (82)

  4. Белгісіз бұрышты тап. ()

Слайд 3

Слайд 5- 12

Слайд 13- 14

Слайд 15- 25

«Геометрия задачи на готовых чертежах»

Э.Н. Балаян.

7-9 классс

https://egemaximum.ru/zadachi-7-romb/

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы

Қорытынды

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз

Менің бағам

Мен не білемін?

Нені білуім керек?

Ол үшін қай тақырыпты қайталау керек?

Ол үшін қандай тапсырмалар орындауым керек?

А.Н.Шыныбеков Геометрия 8 сынып

Қосымша 2

Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушылар алдында барынша қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?

бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Айқаспа сілтемелер

Денсаулық жағдайын тексеру

АТ құндылықтар

Қауіпсіздік ережелері

талқылау

сабақ мақсаты/оқыту мақсаты іске асырылды ма? Бүгін оқушылар немен танысты? Сыныпта атмосфера қандай? Дифференциация жұмыс істеді ме? Уақыт жетті ме? Қандай өзгерістер жоспарға енгізілді және неге?

Осы кеңістікті сіздің сабақты талқылау үшін пайдаланыңыз. Сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға сол жақ бағанда жауап беріңіз

талқылау

сабақ мақсаты/оқыту мақсаты іске асырылды ма? Бүгін оқушылар немен танысты? Сыныпта атмосфера қандай? Дифференциация жұмыс істеді ме? Уақыт жетті ме? Қандай өзгерістер жоспарға енгізілді және неге?

Қорытынды баға

Қандай екі зат өте жақсы өтті (оқуда және оқу барысында)?

1: топпен жұмыс жасау

2:

Қандай заттар сабақты жақсартар еді (оқуда және оқу барысында)?

1:

2:

Осы сабақта сынып өте белсенді қатысып отырды

Автор
Дата добавления 06.10.2017
Раздел Геометрия
Подраздел Конспект урока
Просмотров272
Номер материала 4533
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.