Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нысанбаева Г.Т | ||||||
Сынып: 5 «В» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту. | |||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа тақырыпты меңгеру | ||||||
Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру; 5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу; 5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру; 5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Аралас сандарды ажырата алады; Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді; Аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі. | ||||||
Бағалау критерийлері | Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады; Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады; Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады; Натурал санға аралас санды қосуды біледі; Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді. Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі. Пәнге тән лексика мен терминология: Бөлшек – дробь - fraction Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction Алымы – числитель - numerator Бөлімі – знаменатель – denominator Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction Аралас сан – смешанное число - mixed number Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator Қосу – сложение - addition Азайту – вычитание - subtraction | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, командада жұмыс. Құндылықтарды дарыту жұптық жіне топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі, ағылшын тілі (тілдік қатынастар бойынша) | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану | ||||||
Бастапқы білім | Натурал сан ұғымы, аралас санның анықтамасы, жай бөлшектерді қосу және азайту, аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы «Миға шабуыл» стратегиясы Топпен жұмыс Сергіту сәті «Күннің шуағы» стратегиясы Жұппен жұмыс Сабақтың соңы «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы | Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:
Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар өз есептерін сол жауаптармен сәйкестендіреді. Жаңа білім. Пәнге тән лексика мен терминология: Бөлшек – дробь - fraction Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction Алымы – числитель - numerator Бөлімі – знаменатель – denominator Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction Аралас сан – смешанное число - mixed number Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator Қосу – сложение - addition Азайту – вычитание - subtraction Анықтама. Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы. Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз. Топпен жұмыс. 4-ке саналу арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдеп, топпен өздерінің жұмыстарын басқа топтарға түсіндіреді, қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді. Анықтама. Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы. Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз. І топ. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу. №1. Мысал. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін: 1) олардың бүтін бөліктерінің қосындысын, бөлшек бөліктерінің қосындысын табу керек; 2) бүтін бөліктерінің қосындысы мен бөлшек бөліктерінің қосындысын аралас сан түрінде жазу керек. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту. №2. Мысал. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін: 1) олардың бүтін бөліктерінің айырмасын, бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек; 2) бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек. Егер, азайғыш аралас санның бөлшек бөлігі, азайтқыш аралас санның бөлшек бөлігінен кіші болса, онда:
МЫСАЛЫ: азайғыш болса, онда жазу керек.
. Демек, . №3. Мысал. ІІ топ. Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу. №1. Мысал. НЕМЕСЕ: Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін: 1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек; 2) бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек. Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды азайту. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін: 1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек; 2) бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек. №2. Мысал. НЕМЕСЕ: №3. Мысал. . ІІІ топ. Натурал сан мен аралас санды қосу. №1. Мысал. Натурал сан мен аралас санды қосқанда, натурал сан оның бүтін бөлігіне қосылып, қосындыға бөлшек бөлік тіркеліп жазылады. Натурал саннан аралас санды азайту. Натурал саннан аралас санды азайту үшін, натурал санды аралас сан түрінде жазу керек. №2. Мысал. НЕМЕСЕ: ІV топ. Бөлшекке аралас санды қосу. Жай бөлшекке аралас санды қосу үшін:
№1 Мысал. Аралас саннан натурал санды азайту. №2 Мысал. Аралас саннан натурал санды азайтқанда, аралас санның бүтін бөлігінен натурал сан азайтылып, бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады. НЕМЕСЕ: . Сергіту сәті: «Күннің шуағы». А4 форматты қағазды төбелеріне қойып, мұғалімнің нұсқаулығымен: дөңгелек, оның шеттеріне 10 үшбұрыш, ішіне 2 кішкене дөңгелек, 1 жарты шеңбер 1 кесінді салуға тырысады, сонда шуағын шашып, күліп тұрған күннің суреті салынады. Жақсы көңіл-күймен сабақты жалғастырады. Жұппен жұмыс. №1. Есептеңіздер. а) б) ; в) г) Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды: Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім. Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім. Топпен жұмыс жасау кезінде: .....................................түсіндім. Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды. Үй тапсырмаларын орындауға бағыттау Үйге тапсырма: №25 №28 | Қосымша 1 Интербелсенді тақта Қосымша 2 Қосымша 3 Математика, 5. Bilimland.kz Қосымша 4 Дидактикалық материал, 5 сынып | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? ЖАДАны қодану | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Өзін-өзі бағалау, топты бағалау, жиынтық бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді, әр топ постерлерін рәсімдейді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды. Тапсырмаларды жылдам орындап болған оқушыларға логикалық тұрғыдағы қосымша тапсырмалар дайындалған. | Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады. | «Миға шабуыл», жұппен жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті: «Күннің шуағы», рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы. |
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 22.10.2019 |
Раздел | Математика |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 1258 |
Номер материала | 6382 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |