Уроки математики / Конспект урока / Аралас сандарды қосу және азайтуға есептер шығару, 5 сынып

Аралас сандарды қосу және азайтуға есептер шығару, 5 сынып

Мектеп: А.Ермеков атындағы ЖОББ мектебі базасындағы тірек мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Амирова С.А.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың түрі:

Есептер шығару

Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаттары

Аралас сандарды ажырата алады;

Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді;

Аралас сандарды қосуды және азайтуды есептер шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады;

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;

Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін есеп шығаруда қолданады;

Натурал санға аралас санды қосуды біледі;

Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушы: екендігін түсінеді.

Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді.

Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек – дробь - fraction

Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction

Алымы – числитель - numerator

Бөлімі – знаменатель –denominator

Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction

Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction

Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction

Аралас сан – смешанное число - mixed number

Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator

Қосу – сложение - addition

Азайту – вычитание - subtraction

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аралас сан дегеніміз - ...

Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын

... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын

... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ...

Бұл аралас санның бүтін бөлігін ...

Құндылықтарды

дарыту

Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, командада жұмыс. Құндылықтарды дарыту жұптық жіне топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі (тілдік қатынастар бойынша)

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Натурал сан ұғымы, аралас санның анықтамасы, жай бөлшектерді қосу және азайту, аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин

Қызығушылығын арттыру

5 минут

«Кім жылдам?» стратегиясы

5мин

Топпен жұмыс

7минут

3мин

5мин

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

10 мин

Сабақтың соңы

«Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы

3 минут

Үйге тапсырма беру

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушыларды осы тақырыпқа байланысты 3топқа бөлу:

І –топ: «Дұрыс бөлшек»,

ІІ –топ: «Бұрыс бөлшек»,

ІІІ –топ: «Аралас сандар» .

Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау.

Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Өтілген материалдарды «Бөлшек» сөз жұмбағын шешу арқылы еске түсіріп қайталайды.

Б

Ө

Л

Ш

Е

К

  1. Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.

  2. Бөлшек сызығының астындағы сан.

  3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан.

4. Жай сандар саны.

5. Ең кіші жай сан.

6. Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.

  1. тапсырма: Жұлдызшалардың орнына тиісті сандарды қойып, бөлшектердің қосындысын және айырымын табыңдар:

  1. ; 2) . 3)

Дискриптор:

  • Тоықтауыш көбейткішті, керекті сандарды табады;

  • Бөлшектерді қосады және алады.

490. Мәселе есеп.

Дискриптор:

  • Есеп шартына сәйкес санды өрнектер құрастырады;

  • Бөлшектерге амалдар қолданады;

  • Есептің жауабын табады.

Сергітусәті: Логикалық жаттығу.

  1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?

  2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?

  3. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?

495. Теңдеуді шешіңдер:

І –топ: «Дұрыс бөлшек»- №495(1);

ІІ –топ: «Бұрыс бөлшек»- №495(2);

ІІІ –топ: «Аралас сандар» -№495(3);

Дискриптор:

  • Белгісіз компонентті табады;

  • Аралас сандарды қосады және алады;

  • Теңдеуді шешеді.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы: 5 « » Күні:_______________

Оқу мақсаттары:

5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;

1. 515 кг емдікшөпті 25кг нешепакеткесалуғаболады?

2. 54750км қашықтықта бір-бірінен арақашықтығы 350 болатын неше баған тұрғызуға болады?

3. Қосуды орындаңыз: .

4 Жаяу адам 3 сағатта 16 км жол жүрді. Оның жылдамдығын табыңыз.

5. Азайтуды орындаңыз: 5- .

6. Завод 150 тоңазытқыш жасап шығарды. Осы тоңазытқыштардың ауруханаларға, ал қалғанының балабақшаларға жіберілді. Қанша тоңазытқыш балабақшаларға жіберілді?

Оқушылар сабақ соңында өз ой толғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды:

Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім.

Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім.

Топпен жұмыс жасау кезінде: .....................................түсіндім.

Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды.

125 бет №493; № 498.

Қосымша 1

Интербелсенді тақта

Қосымша 2

Қосымша 3

Математика, 5. Шыныбеков Ә.Н.

Bilimland.kz

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

ЖАДАны қодану

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау, топты бағалау, жиынтық бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды. Тапсырмаларды жылдам орындап болған оқушыларға логикалық тұрғыдағы қосымша тапсырмалар дайындалған.

Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады.

«Миға шабуыл»,

жұппен жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті: «Күннің шуағы», рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы.

Автор
Дата добавления 04.12.2017
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров90
Номер материала 4965
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.