Уроки математики / Конспект урока / Ауыр-жеңіл Мектепалды даярлық тобы

Ауыр-жеңіл Мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: Ауыр - жеңіл. Заттарды өлшеу туралы түсінік. Заттарды салмағына қарай салыстыру. Салмақтың көлемге тәуелділігі.

Мақсаты: а) заттың салмағы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру; заттарды «ауыр - жеңіл» сөздерін пайдалана отырып салыстыруды үйрету; заттарды қолмен салыстырып, олардың салмағын көлеміне қарай анықтауды үйрету;

ә) заттың кеңістіктегі орнын сипаттау қабілетін дамыту бағытындағы жұмысы жалғастыру; баланың зейінін, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту б) ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: таныстыру, көрсету, жазу жұмыстары

Көрнекілік құралдар: жұмыс дәптері, көркем суреттер.

Билингвалдық компонент: ауыр – тяжелый – , жеңіл – легкий –

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс-шарасы

Балалардың қызметі

Уәждемелік ынталандыру

Тәрбиеші бөлмеге үлкен рюкзакты алып кіреді және оны әрең көтеріп келе жатқандай ауыр қозғалады. Содан соң екінші кішкентай рюкзакты алып келеді. Оның жеңіл екенін байқатады. Содан соң балалардан сұрайды: «Бұл рюкзактар туралы не айтуға болады?»

Балалар Тәрбиешінің қимылын бақылап отырады. Өздерінің салмақ туралы пікірлерін білдіреді.

Ұйымдастыру- іздестіру

Тәрбиеші балалардың жауаптарын нақтылауға тырысады: үлкен рюкзак ауыр, ал екінші кішкентай рюкзак жеңіл. Сабақтың тақырыбын хабарлайды:

Балалар, бүгін біз заттарды салмағына (массасына) қарай салыстырамыз. Біз оны анықтау үшін қолданылатын сөздермен (ауыр және жеңіл) танысамыз.

Содан соң бөлмеден ауыр және жеңіл заттарды табуларын сұрайды. Сол арқылы балалардың салмақ туралы түсінік деңгейін анықтайды.

Дәптердегі 1-тапсырманы ашады.

- Суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Кәне, бәріміз бірге онда бейнеленген оқиғаны суреттеп көрейік.

Балалармен спорттың пайдасы мен үлкендерге көмектесу қажеттігі туралы шағын әңгіме-дүкен құруға болады. Кестеге ауыр және жеңіл заттарды жапсырыңдар. Сол жақтағы заттар қандай заттар? Неге? Оң жақта ше? Сергіту минуты.

Ауыр рюкзак көтергендей, содан соң жеп-жеңіл рюкзакпен жүгіріп келе жатқандай қимылдар жасауға болады.

Балалар, заттың салмағын қандай құралдың көмегімен салыстыруға болады? Кім біледі? (таразы). Қарапайым таразымен таныстырады.

Балаларға қарапайым таразының өзін немесе таразының суреті салынған плакатты (11-кесте) көрсетеді. Табақтың қайсысы төмен түседі? Ауыр зат тұрған жағы ма, әлде жеңіл жағы ма? Таразы арқылы қайсысы ауыр екенін анықтаңдар? Суреттерді көрсетеді немесе таразының табақтарына жануарларды салады (түсінікті болу үшін бір-біріне салмағы қарама- қарсыларын салу қажет).

2-тапсырманы орындау барысында үлкен және кішкентай тәрелкелердің салмағын қолмен анықтауға болады.

Бұл тапсырмада ыдыс-аяқтарды

тостағандар мен тәрелкелер деп жіктеу

қажет. Талқылайды: 2 зат дегеніміз

екі тәрелкені немесе бір тәрелке мен

бір тостаған дегенді білдіруі мүмкін.

Сондықтан әр бала тапсырманы өз бетінше орындайды. Бұрын өткенді қайталау үшін 3-тапсырманы орындаймыз.

Ауыр және жеңіл заттарды атап көрсетеді.

Суретте не бейнеленгенін сипаттайды және себебін түсіндіреді. Тиісті жапсырмаларды тауып, жапсырады.

Сұрақтарга жауап береді: салмағы жағынан салыстыру үшін затты көтеріп, қолға салып көреміз немесе таразыга салып өлшейміз. Таразының қай жағы басым болса, сол жағында ауыр зат жатыр деген сөз.

Сергіту жаттығуын орындайды.

2-тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Сабақты қорытады. Қандай жаңа сөздер үйрендік? Салмақты қалай таптық? Қолға салып анықтадық. Көлемі бойынша:

үлкен - ауыр, кішкентай - жеңіл болады

(бірақ бұл белгінің бүрыс болатын кездеріде болады.

Сабақты қорытады. Дәптерге орындалған тапсырманы көрсетеді. Үстел үстін реттейді.

Күтілетін нәтиже:

Білулері қажет:

заттың салмағын сипаттайтын «ауыр - жеңіл», «ауырлау - жеңілдеу» сөздері;

Қалыптасқан дағдылар:

заттың салмағын қарапайым таразының көмегімен, «қолмен» өлшеу, заттың көлемі мен оның салмағының бір-біріне бағыныштылығы (біртектес заттар туралы сөз болғанда) туралы түсінік;

Орындаушылық қабілеттері:

заттардың салмағын қолмен, көзбен, қарапайым таразының көмегімен анықтау; сөз арасында «ауырлау - жеңілдеу» деген сөздерді пайдалану

Автор
Дата добавления 24.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров1160
Номер материала 3048
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.