Уроки математики / Другое / Авторлық бағдарлама математика таңдау пәні 3 сынып

Авторлық бағдарлама математика таңдау пәні 3 сынып

Бекітемін: Келісемін:

«Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің

мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері:

-------------------------Ү С Алтыбай ---------------- Г Молжігіт

« » тамыз 2016

Курстың атауы:

Логика әлемі

Авторлық бағдарлама

3 - сынып

ОҚО, Ордабасы ауданы,

«Тоқсансай» жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Торғаутова Майра

2016 - 2017 оқу жыл

Түсінік хат

«Логика әлемі» курсы - сандар мен оларға қолданылатын

амалдарды,шамаларды,есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.  Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың  математика пәнін жете меңгеріп, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

   Бағдарлама белгілі бір оқу жылына сәйкестендірілген және тақырыптар бойынша жүйеленген.

  Бағдарламада  мектеп оқулығындағы орыналуы міндетті болып саналмайтын дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығулар келтірілген.

  Бағдарламалық материал оқушылардың өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.

 Курстық оқу жоспарындағы 3 сыныпқа жалпы 34 сағат (жыл бойы) бөлінген

Мақсаты:

-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;

-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

-Зейінін, еске сақтау, байкағыштык, киялдау, танымдық іс-эрекетгерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

- Окушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Мемлекеттік білім стандарты деңгейді білім,білік жэне дағдыларын игерту

- «Логика әлемі» курсының мазмұны аркылы танымдық жэне коммуникативтік іс-әрекетке,өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,сондай-ақ ата-дәстүр,әдет-ғұрып,салт-сана,халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;

- Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық жэне ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту;

- Мектептің негізгі сатысында окуға,меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру;

- Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

- Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру.

І-тарау. Қайталау (3 сағат):

1) 20-ға дейін қосу және азайту кестесі;

2) 100-ге дейін сандарды ондықтан аттап ауызша және жазбаша қосу мен азайту.

3) 1000-ға дейінгі сандардың құрылуы, оқылуы және жазылуы.

4) үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері. 2, 3, 4 сандарына көбейту мен бөлудің кестелік жағдайлары;

5) шама (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық). Шамалар бірліктері арасындағы қатынастар;

6) теңдеу. Өрнек. Санды және әріпті өрнектер;

7) теңдік. Теңсіздік;

8) құрама есептер және оларды шығару тәсілдері;

9) геометриялық фигуралар. Периметр.

ІІ-тарау. Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары. Геометриялық фигураның ауданы. Әріпті өрнек. Теңдеу

(7 сағат)

сағат):

1) көбейту кестесі;

2) бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту және бөлу амалдарын тексеру;

3) көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табу ережелері;

4) сандарды 0 санына және 1 санына көбейту;

5) нөл санын натурал санға бөлу. Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы;

6) тең бөліктерге бөлу. Санның және шаманың бөліктері. Санның үлесін (бөлігін) және үлесі (бөлігі) бойынша санды табу;

7) көбейту және бөлу амалдары бар теңдеулерді шығару;

8) санды өрнектер. Әріпті өрнектер. Екі әрпі бар өрнектердің мәндері;

9) жақша бар және жақшасы болмайтын 2-3 амалдардан тұратын санды өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау реті;

10) белгісіз көбейткішті, бөлінді мен бөлгішті табуға, бірнеше рет ұлғайту мен кішірейтуге, еселік салыстыруға берілген есептер;

11) тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табу тәсілдері. Геометриялық фигуралардың ауданын «көзбен» және беттестіру арқылы табу;

12) ауданды өлшеу. Палетка. Аудан бірліктері:1 м2, 1 дм2, 1 см2;

13) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;

14) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу.

ІІІ-тарау. 1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту. Шамалар арасындағы тәуелділік (10 сағат):

1) қосу және азайту амалдарын тексеру;

2) шамалар. Бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса; бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын.

3) шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару: баға, саны, құны; бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса; бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын.

IV-тарау. 100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем (сыйымдылық)

(6 сағат):

1) көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері. Көбейтудің қасиеттерін қолдану;

2) қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу;

3) нөлге аяқталатын сандарды көбейту және бөлу;

4) екітаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлуді біртаңбалы сандардың разрядтық қосылғыштарға жіктеуі арқылы жазу;

5) екітаңбалы санды екітаңбалы санға таңдау тәсілімен бөлу;

6) ондықты ондыққа, жүздікті жүздікке ауызша бөлу;

7) екітаңбалы санды біртаңбалы санға, үштаңбалы санды біртаңбалы санға ауызша көбейту;

8) санның квадраты мен кубы;

9) тура теңдіктердің қасиеттері. Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу;

10) көлем. Фигуралардың көлемдерін салыстыру. Көлем бірлігі – кубтық сантиметр (1 см3);

11) сыйымдылық. Таңдап алынған өлшем арқылы сыйымдылықтарды салыстыру;

12) ұзындық бірлігі – миллиметр (1 мм). Ұзындық бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м = 10 дм, 1 дм = 10 см, 1 см = 10 мм, 1 м = 100 см;

13) масса бірлігі – центнер (1 ц). Масса бірліктерінің арасындағы қатынастар: 1 ц = 100 кг.;

14) аудан бірлігі – ар (1 а). Аудан бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м2 = 100 дм2, 1 дм2 = 100 см2, 1см2 = 100 мм2,1 а = 100 м2;

15) еселік салыстыруға, шамалардың арасындағы тәуелділікке (бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) берілген есептерді шығару;

16) қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарына 2-3-амалдардан тұратын есептер.

V – тарау. 1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту және бөлу. Есептерді теңдеулерді көмегімен шығару (6 сағат):

  1. екітаңбалы санды, үштаңбалы санды разрядқа аттамай жазбаша көбейту, екітаңбалы санды, үштаңбалы санды разрядқа аттау арқылы жазбаша көбейту;

  2. нөлмен аяқталатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша көбейту;

  3. 84:2, 426:2 түріндегі бірлік разряды берілген біртаңбалы санға бөлінетін екітаңбалы, үштаңбалы сандарды осы біртаңбалы санға жазбаша бөлу;

  4. 42:3; 126:2 түріндегі үлкен разряды берілген біртаңбалы санға бөлінбейтін екітаңбалы, үштаңбалы сандарды осы біртаңбалы санға жазбаша бөлу; нәтижесінде бөліндінің мәні нөл саны болатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша бөлу;

  5. қозғалыс жылдамдығы. Жылдамдық бірліктері: 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б.;

  6. үш амалмен шығарылатын есептер. х+ 4 2 = 24 түріндегі теңдеуді шығару. Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

V І– тарау Қайталау (2 сағат):

  1. 100-ге дейінгі көбейту және бөлу;

  2. 1000-ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдар орындау;

  3. шамалар және оларды салыстыру;

  4. өрнектер, теңдіктер (оның ішінде теңдеулер), теңсіздіктер;

  5. геометриялық фигуралар;

  6. тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы, текшенің көлемі;

  7. есептер және оларды шығару тәсілдері.

«Логика әлемі» курсының жылдық жоспары

Сабақтың тақырыбтары

Сағат саны

Мерзімі

І

Қайталау (3 сағат)

1

Екі және үш таңбалы сандарды қосу және азайту

1

2

Өзіндік жұмыс

1

3

Оқушының білім деңгейін анықтау

1

ІІ

Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары. Геометриялық фигураның ауданы. Әріпті өрнек. Теңдеу

(7 сағат)

1

Көбейту және бөлу

1

2

Көбейту және бөлуге байланысты есептер шығару (деңгейлік)

1

3

Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу

1

4

Бақылау жұмысы

1

5

Қызықты есептер шығару

1

6

Кестелік көбейту және бөлу

1

7

Өзіндік жұмыс

1

ІІІ

1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту. Шамалар арасындағы тәуелділік (10 сағат):

1

Қалдықпен бөлу

1

2

Қалдықпен бөлуге байланысты есептер шығару

1

25.11.16

3

Үлес ұғымы

1

2

4

Үлес ұғымына байланысты есептер шығару

1

9

5

Оқушының білім деңгейін анықтау. Тест

1

23

6

Көбейтудің терімділік қасиеті

1

13

7

Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті

1

20

8

Санның квадраты

1

9

Санның кубы

1

10

Бақылау жұмысы

1

IV

100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем (сыйымдылық) (6 сағат):

1

Аудан және оның өлшем бірліктері

1

2

Уақыт өлшем бірліктері

1

3

Сыйымдылық.

1

4

Көлем.

1

5

Ұзындық өлшем бірліктері

1

6

Оқушының білім деңгейін анықтау. Тест

1

V

1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Есептерді теңдеулерді көмегімен шығару (6 сағат):

1

Қосындыны санға көбейту

1

2

Қосындыны санға бөлу

1

3

Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің ауызша есептеу тәсілдері

1

4

Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу

1

5

Жазбаша көбейту және бөлу

1

6

Оқушының білім деңгейін анықтау. Тест

1

Қайталау (2 сағат)

1

Қайталау есептерін шығару.

1

2

Бақылау жұмысы

1

3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Курстың соңында оқушылар:

  1. көбейту кестесін;

  2. өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу ретінің ережесін;

  3. көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін;

  4. қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу ережелерін;

  5. сандардың еселік және айырымдылық ережелерін;

  6. біртаңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін;

  7. тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, текшенің көлемін;

  8. шамалар бірліктерінің белгілеулерін: 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2,1 см3, 1 дм3,1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м /мин, 1 см / с және т.б., ұзындық, масса, уақыт, аудан бірліктері арасындағы байланыстарды;

  9. шамалар арасындағы тәуелділіктерді (баға, саны, құны; бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) білуі қажет.

Курстың соңында оқушыларда:

  1. өрнектердің мәндерін табу кезінде 2-3 амалдан тұратын жақшамен және жақшасыз берілген арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін қолдану;

  2. үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды, үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша қосу және азайтуды орындау;

  3. санның бөлігін (үлесін) және бөлігі (үлесі) бойынша санды табу;

  4. бір-үш амалға берілген есептерді, оның ішінде шамалар (баға, саны, құны, бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару;

  5. сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;

  6. арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шығару;

  7. тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеуді орындау;

  8. текшенің көлемін және бірнеше текшеден тұратын фигураның көлемін есептеуді орындау;

  9. екі әрпі бар өрнектің мәнін табу;

геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу әне ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы. «Келешек-2030» баспасы ЖШС,2010

2. Тестер жинағы. Алматы. «Өнер» 2005 баспасы. А. Адамбаев

3.Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде. «Шикула» баспасы 2003

4. Математикалық жазулар. «Алматыкітап» баспасы, 2012 М. С. Оспанов

5. Балалар журналы. «Балдырған» 2015- 2016 жыл

6. Балалар журналы «Айгөлек» 2014 - 2016 жыл

7. Логика әлемі 3-сынып «Алматыкітап» баспасы 2012

8. Математика 3-сынып. Т. Қ. Оспанов. «Атамұра» 2014

9. Бастауыш сынып әдістемелігі журналы 2015-2016ж

10. Білім шыңы - Ғылым сыры журналы 2015-2016 ж

11. Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау: Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған факултативтік курс Шымкент 2014 ж Бейсеков Ж

Автор
Дата добавления 10.01.2018
Раздел Начальная
Подраздел Другое
Просмотров1022
Номер материала 5120
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.