Уроки математики / Конспект урока / Математикадан дидактикалық ойындар жинағы

Математикадан дидактикалық ойындар жинағы

Қалалық білім бөлімі

№14 «Қонжық» мектепке дейінгі ұйымы

«Ғажайып» аралына саяхат

«Ақжелкен» мектепалды даярлау тобы

Өткізген: Есказина Н.Ж.

Ақтөбе қаласы – 2013жыл

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып» аралына саяхат

Сабақтың мақсаты: Балаларды арифметикалық тапсырмалары жазуға және цифрлар көмегімен оларды шешуге үйрету. Геометриялық фигуралар туралы білімдерін толықтыру. Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. Уақытты, қағаз бетін бағдарлау біліктерін жаттықтыру. Өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Балалармен өткізілетін алдын-ала жұмыстар: Логикалық тапсырмалар шешу, сағатпен жұмыс, 10-ға дейінгі сандардың құрамын анықтау.

Тәрбиешінің алдын-ала жұмыстары:

  • көрнекілік және үлестірмелі материалдарды дайындау.

  • «қазыналы» тапсырмаларды даярлау.

  • «хат» жасау.

Сөздік жұмыс: саяхат, қазына.

Әдістемелік тәсілдер:

  • Көрнекілік (иллюстрациялар қолдану)

  • Сөздік (еске түсіру, көрсету, сұрақтар, балалардың жеке жауаптары)

  • Сабақты қорытындылау

Құралдар: магнитафон, магниттік тақта, мольберт, сандық, математика кітабы,доп.

Көрнекілік: 5 арал аты жазылған геометриялық пішінді қағаздар («жина», «ойлан», «тик-так», «сандар», «ғажайып»)

Үлестірмелі материал: Нүкте бойынша орындалатын тапсырмалар, сызбалық диктантқа арналған тор көзді қағаздар.

Сабақ барысы:

  • Балалар, Математика еліндегі Перизат біздің топқа хат беріп жіберген.

«Қымбатты балалар! Мен сіздерді теңіз арқылы саяхаттап, «Ғажайып» аралына шақырамын. Ол аралда ескі қамалдың қазынасы бар. Жолда сіздерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Сіздер өздеріңіздің білімдеріңізді, біліктеріңізді көрсетулеріңіз керек. Сәттілік тілеймін! С/м: Перизат»

  • Қане, балалар, қызықты саяхатқа барғыларыңыз келе ме? Теңіз арқылы саяхатқа немен шығамыз, айтыңыздаршы?

  • Қайық, кеме, катер т.б

  • Ал біз 1-ден 16-ға дейінгі сандарды қоссақ, немен баратынымызды білетін боламыз.

Балалар алдарындағы қағаздағы тапсырмаларды орындап «кеме» шыққанын айтады.

Біз кемемен жүземіз. Орындарыңа отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Міне, біз де теңіздеміз.

(магнитафоннан теңіз дауысы естіледі)

«Жина» аралы. (балалар арал атын оқып, қандай пішінді екенін айтады)

Тапсырма- сандар құрамын анықтау.

Балаларды үш деңгейге бөліп отырғызу.

І-деңгей - 7,4,5,3,6 сандарының құрамын анықтау.

ІІ-деңгей – Суретті бояуға арналған тапсырманы шешу.

ІІІ-деңгей – Салыстыруға арналған тапсырманы орындау.

  • Жарайсыздар, балалар, сіздер тапсырманы орындадыңдар. Одан әрі жолға шығамыз!

( Магнитафонда «Теңіз дауысы» естіледі, тәрбиеші арал атын өзгертіп қояды.)

«Ойлан» аралы ( Балалар арал атын оқып, қандай пішінді екенін анықтайды.)

Тапсырма- Көңілді есептер.

Аулада жүр балалар:

Самат, Арнат, Сашалар,

Келді және оларға

Сәуле, Ақерке ойнауға.

(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда) 3

Бір көжекке бір көжек

Келе қалды қонаққа,

Бес сәбізден бірден жеп,

Тойып алды тамаққа.

Айта қойшы алғырың

Қанша сәбіз барлығы? 10

Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан.

Қанша қалды алмұрттан?

Төменде үш қаз ұшады,

Үшеуі бұлтты қүшады,

Өзеннен көрдік екеуін.

Айтқын, қаз нешеу екенін?

  • Өте жақсы, балалар, сіздер бүкіл тапсырмаларды дұрыс шештіңіздер. Қане, одан әрі жүзейік!

Ой, теңізді тұман басты. Ол тұманнан шығу үшін, сұрақтарға жауап беру керек. (доппен ойын)

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Кеше аптаның қай күні болды?

  • Ал ертең қандай күн болады?

  • Көктемнің алғашқы айы?

  • Жаздың екінші айын ата?

  • Қыс мезгілінің соңғы айы қалай аталады?

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Дүйсенбі мен Сейсенбі арасындағы күн қалай аталады?

  • Тәуліктің қандай бөлігін білесің?

  • Бір тәулікте неше сағат бар?

Тамаша, сіздер сұрақтарға дұрыс жауап бергендіктен туман сейілді.

Одан әрі кеттік. ( «Теңіз» дауысы қосылып, тәрбиеші арал атын өзгертеді.)

-Балалар, мен арал көріп тұрмын.

«Тик-так» аралы ( Балалар арал атын оқып, қандай пішінді екенін айтады )

  • Балалар, келесі жылы сіздер мектепке барасыздар. Сол себепті сағат танып, сабақтан қалмауларыңыз керек

  • Таңертең біз ұйқыдан нешеде тұрамыз? Қане, кім уақытты көрсетеді? 07:00

( Балалар сағаттың неше болғанын суреттен көрсетеді?)

- Жаттығуға біз нешеде барамыз? 08:00

- Түскі асты нешеде ішеміз? 12:20

- Кешке нешеде ұйқыға жатамыз? 21:00

- Жарайсыңдар! Әрі қарай жүземіз! ( «Теңіз» дауысы қосылып, тәрбиеші арал атын өзгертеді.)

«Сандар» аралы. (Балалар арал атын оқып, қандай пішінді екенін айтады )

Есеп құрастыру.

  • 3 саны 4-ке қатынасы бойынша қалай аталады?

  • 7 саны 6 санына қатынасы бойынша қалай аталады?

  • 8-ден кейінгі санды ата?

  • 4 пен 6 санының аралығында қандай сан бар?

  • 3 қандай саннан соң орналасқан?

  • Керемет! Енді одан әрі жүрейік! ( «Теңіз» дауысы қосылып, тәрбиеші арал атын өзгертеді.)

«Ғажайып» аралы. (Балалар арал атын оқып, қандай пішінді екенін айтады )

Міне, біз де Ғажайып аралына да келіп жеттік. Бірақ, ол аралға кіру оңай болмайын деп тұр, оны біреу күзетеді, кім екенін біз білмейміз? Кім күзететінін білу үшін, келесі тапсырманы орындау керек. Тәрбиешінің нұсқауы бойынша балалар тор көзді параққа графикалық диктантты орындайды.

4-жоғары, 4-оңға, 2-жоғары, 2-оңға, 6-төмен, 6-оңға, 2-жоғары, 2-оңға, 10-төмен, 4-солға, 4-жоғары, 2-солға, 4-төмен, 4-солға, 8-жоғары, 4-солға.

-Сонымен, бұл аралды кімдер күзетеді екен? (ит)

- Балалар, сіздер өз ақылдарың мен білімдеріңнің арқасында осындай қиын тапсырманы орындап шықтыңдар. Жарайсыңдар! Аралға жеттік, бірақ біз қазынаны қайдан табамыз?

-Қараңыздар! Перизат бізге карта тастап кеткен: осы карта арқылы біз қазынаны таба алатын шығармыз. Ол үшін Аружан, келе ғой, сен менің айтуым бойынша жүріп отыр. 7 қадам тіке, содан соң 1 қадам оңға бұрылып және 8 қадам тіке жүр. Солға бұрылып 3 қадам жаса.

Аружан: Міне, қазынаны таптық!

Сандықты ашып, ішінен 1-кластың математика оқулығын алып көрсету.

-Балалар, бұл өте маңызды оқулық. Бұл арқылы сіздер есептер мен тапсырмаларды орындауға үйренесіңдер. Бұны тек келесі жылы мектепте қолданатын боласыңдар. Барлық тапсырмаларды орындай отырып, біз ақыры қазынамызды таптық. Енді балабақшамызға қайтайық. Қане, өз орныдарыңа отырыңдар.

(магнитафоннан теңіз дауысы естіледі)

Қорытынды.

-Балалар, сіздерге саяхат ұнады ма? Қандай тапсырмалар қиындық тудырды? Өз-өздеріңізді қалай бағалар едіңіздер?

Жарайсыздар, рахмет!

Автор
Дата добавления 09.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров605
Номер материала 2524
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.