Уроки математики / Конспект урока / Екі таңбалы сандарды санап үйрету. (10 нан, 20-ға, 30-ға,35-ке дейінгі сандар құрамы)

Екі таңбалы сандарды санап үйрету. (10 нан, 20-ға, 30-ға,35-ке дейінгі сандар құрамы)

Математика

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды санап үйрету.

(10 нан, 20-ға, 30-ға,35-ке дейінгі сандар құрамы)

Сабақтың мақсаты:

  • 10 нан,20-ға, 30-ға, 35-ке дейінгі сандардың таңбалануын үйрету.

  • Құрамын анықтау арқылы 10 нан, 20-ға, 30-ға, 35-ке дейінгі сандарды рет-ретімен ауызша тура және кері санауға үйрету.

  • Тиянақты жауап беруді талап ету. Сандарды жаза білуге үйрету.

  • Цифрларды ажырата біліп, көрші сандарды таба білуге және кері санай білуге үйрету. Балалардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, кеспе цифрлар, үлестірме материалдар, тақта, бор.

I апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Сәлемдесу (балалармен бірге)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып

Қызыға мол сабақта

Ойнайық та күлейік

III. Жаңа сабақ. 10 нан, 20-ға, 30-ға, 35-ке дейінгі сандар.  10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,

20,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35

10 саны он бірліктен тұрады. 1+1+1+1+1=5 1+1+1+1+1=5 5+5=10

15 саны бір ондық бес бірліктен тұрады.

20 саны екі ондықтан тұрады.

25 саны екі ондық бес бірліктен тұрады.

30 саны үш ондықтан тұрады.

35 саны үш ондық бес бірліктен тұрады.


Тақтаға 35-ке дейінгі сандар қатары ілінген. Балалар мұғаліммен бірге тура және кері тәртіппен санайды. Балалар шаттық шеңберде өлең шумақтарың қимыл- қозғалыспен айтады .
Оқып білім аламыз
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.
Мұғалім балаларға 1- ден 35-ке дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар береді: 
1. 10 нан 15-ке дейін тура санау
2. 20-дан
15-ке дейін кері санау
3. 10 нан 12-ке дейін реттік санау
4. 12-ден 10-ға дейін кері санау. еттік)
5. Келесі санды атау...
6.Алдыңғы санды атау....
7. Сандардың көршілерін атау...

IY.Сергіту сәті.

Тура және кері санату. 10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,..........

............27,26,25,24,23,22,21,20,19,18,17,16,15,14,13,12,11,10

Тапсырма: Сандарды өсу ретімен орналастыр.

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

«Жасырынбақ» ойыны.

Шарты: 10 нан 35-ке дейінгі сандар беріледі. Сол сандардың 2-уін жасырамын. Балалар жасырылған сандарды табу керек.

IY.Сергіту сәті.

«Поезд» құрастыру ойыны.

Шарты: Вагондарға сандар жазылады. Сол санның шешуін тауып вагонға тіркеу керек.Мысалы: 0+0, 1+2, 2+5, 3+7

-«3» санын (саусақпен көрсету)

-«7» санын (саусақпен көрсету)

-«10» санын (саусақпен көрсету) келесі....

-«......»........

Дәптермен жұмыс.

«Жемістерді сана және боя»

III апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Тақтамен жұмыс.

10,15,25,30,35 сандарының құрамын анықтау.

5

7

5

3

Дидактикалық ойын «Көршісін тап» 15, 17, 19 21, 23, 25 27, 29 ,31

Дәптермен жұмыс.

«Фигуралардың бұрыштарын санату және жаздыру»

«Неше рет?» ойыны.

Мақсаты: заттар мен құбылыстарды санау дағдыларын бекіту.

Шарты: Мұғалім қол шапалақтайды, балалар соған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді.

IY.Сергіту сәті.

IV апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

«Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендір»

Мысалы: 10,............ сандарды 1 заттын, пішіндердің суреттерімен сәйкестендіру керек.

IY.Сергіту сәті.

Дидактикалық ойын: «Сандарға үй жасаймыз".

(әр балаға ішінде геометриялық пішіндер бар конверт беріледі)

Шарты: берілген пішіндерден құрастырып үй жасап шығу. Қай бала бірінші құрастырса, сол балаға жұлдызша беріледі. «Фигураларды ата»

V. Бекіту.

«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған сандардың есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір санды алып қояды. Жоғалған санды табу керек.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Автор
Дата добавления 17.06.2018
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров41
Номер материала 5777
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.