Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / Конспект занятий "Математикалық бекеттерге саяхат"

Конспект занятий "Математикалық бекеттерге саяхат"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Информатика пәнінің мұғалімі Курпишева Венера Тұрғанбекқызы

Білім беру саласы:Таным

ҰОІӘ:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы:Математикалық бекеттерге саяхат

Мақсаты мен міндеттері: 10 көлеміндегі сандар және олардың ретін бекіту, кеңістікті бағдарлау, заттарды өзара салыстыру дағдыларын жетілдіру, геометриялық пішіндер туралы білімін кеңейту.Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұсақ саусақ моторикасын жетілдіру.Математикаға деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: "Көршісін тап", "Күшіктерді үйшіктеріне орналастыр", "Айырмашылығын тап", "Нүкте бойынша қос" дидактикалық ойындары

Билингвальный компонент: бекет-станция, сан-цифра, пішін-фигура

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бугін мен балабақша келгенде әдемі, үлкен сандық тауып алдым.Оны ашып көргіп келіп еді, бірақ сандық ашылмады.Сандықтың астында хат жатыр екен.Соны сізге оқып берейін: "Балақайлар! Бұл сандықша сендерге арналған.Оның ішінде не жасырынғанын білу үшін, сендерге арналған тапсырмалары бар математикалық бекеттерге саяхаттқа аттанасыздар. Әрбір бекетте тапсырманы орындап болған соң кілт аласыңдар, барлық кілтті жинап сандықшаның аузына дұрыс орналастырсаңыз сандықша ашылады.

Сәт сапар тілеймін!" Ал балалар саяхатқа аттаңамыз ба?!

Қызығушылық білдіріп, саяхатқа дайын екендерін айтады.

Ұйымдастыру-іздену

Барлығымыз біздің сиқырлы пойызымызға отырып, математикалық бекеттерге саяхатқа аттанайық.

1 "Сиқырлы сандар" бекеті.Бірінші тапсырмамыз "Күшіктерді үйлеріне орналастыр"

Есепті шығарып жауабына сәйкес күшіктерді өздерінің үйлеріне орналастырамыз.

Екінші тапсырмамыз "Сандарды өсу ретімен өзара қос".Балалар, бұл тапсырманы орындаған үшін біз жасыл кілт алдық.Келесі бекетке аттаңайық.

2 "Ғажайып суреттер" бекеті.Бұл бекеттің тапсырмасы -екі суретті мұқият қарап, айырмашылығын тап.Бұл тапсырманы орындаған үшін біз қызыл кілт аламыз.

3 "Пішіндер әлемі" бекеті.Бұл бекетте геометриялық пішіндер шашылып жатыр.Сендер сол пішіннің түсіне орналасу заңдылығына байланысты өз орындарына орналастыр. Көк түсті кілт алдық.

Соңғы "Суретшілер елі" бекетіне де келіп жеттік.Ол үшін сендер тор көздер бойынша сурет саласыз.Ол үшін біз сары кілтке ие боламыз.

Балалар біздің алдымызда төрт кілт бар олардың түстері әртүрлі және көлемі де әртүрлі енді осы кілттің бірі ғана сандықты ашады.Сол кілтті тауып көрейік.

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті

түзету

Балалар біз сандықты аштық оның ішінде бізге арналған қызықты жаттығу бар.Барлығымыз орнымыздан тұрып, сол жаттығуды орындайық.

Жаттығу жасайды.

Күтілетін нәтиже

Білу: 10 көлеміндегі сандар және олардың ретін біледізаттарды өзара салыстырады .

Игеру: геометриялық пішіндер туралы түсініктерді, , кеңістікті бағдарлауды игерді

Меңгеру:интерактивті тақтамен жұмыс жасауды меңгерді.

Автор
Дата добавления 21.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров728
Номер материала 2858
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.