Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / Квадрат теңдеу.Толымсыз квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеу.Толымсыз квадрат теңдеулер

Алгебра 8 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу.Толымсыз квадрат теңдеулер

Білімділік: Квадраттық теңдеулердің түбірлерінің формуласын пайдалану, толымды, толымсыз квадрат теңдеуді шешу тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды есептер шығаруда коэффициенттерді ажырата алу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз беттерінше есептер шығарта отырып, жеке жұмысын қалыптастыру, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Практик

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, бағалау сұрақтары, проблемалық ой шешу.

Сабақтың көрнекілігі: Жеке жұмыс тапсырмалары

Ұйымдастыру :

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру: №120

Өткен тақырыпты қайталау: «Миға шабуыл»

1.Квадрат теңдеу деген не?

(2+bx+c = 0 (а 0) түріндегі теңеуді квадрат теңдеу)

2. Теңдеуді шешу дегеніміз не? (түбірін, шешімін табу)

3. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?

( Бірінші коэффициенті бірге тең квадрат теңдеу )

4. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп атайды? (Толық емес квадрат теңдеулерді)

5.Толымсыз квадраттың үш жағдайын көрсет

(1) aх2+bx = 0, c =0; 2) aх2+c = 0, b = 0; 3) aх2 = 0, b=0, c=0)

1. Біліміңді тексер (Ауызша)

Берілген теңдеулердің арасынан толық және толымсыз квадрат теңдеулерді атаңдар

а) х2 + 3х – 19 =0,                    б) х2-7х+11=0,

ә) 4х2+5х=0,                            д) 2х2-5х+1=0,

в) 8х2=0,                                 г) 3х2-21х=0.

ғ) 8х2-3х=0,                             е) х2-25=0,

ж)  х2-4х=45                             з) 18-2х2=0

и) 4х2-28х+49=0                      к) 2х2-5х+3=0

2. Оқулықпен жұмыс, есептер шығару(топпен жұмыс)

124 /1,3,5,7/

3. Сергіту сәті

Теңдеудің шешуі бойынша сандық мақал - мәтел айту.

1) (1;2) «Бір елі ауызға, екі елі қақпақ».

2) (8;1) « Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы»

3) (6;4) «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

4) (7;1) «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

5) (1; 10) «Бір тал кессең, он тал ек»
6) (1; 8) «Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы»
7) (30; 40) «Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю»
8) (7; 7) «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал».

Сабақты бекіту

4.Тест тапсырмалары.

1. Квадрат теңдеудің коэффициенттерін жазыңдар:

7x2 – 8x + 15 = 0

А) а=7; в= -9; с=15      Б) а=7; в= -8; с=15       В) а= 3; в=8; с=4

2. Теңдеудің түбірін табыңдар: х²- 64=0

А) -8         Б) -64 B) 64 D) ±8 

3. 8x + 2 = 0 мына теңдеу квадрат теңдеу бола ма?

А)    иә      Б) жоқ

4. Теңдеуді шешіңдер: x2 + 2x = 0

А) 0; -2.      В) Түбірлері жоқ.        С) 0.         D) -2

5. Толымсыз квадрат теңдеуді көрсет:

1)x2 – 6x + 1 = 0 2)7x2 – 3x + 2 = 0 3) x2 + 2x = 0

А)2 В) 1,2        С) 1     D)3

Тест жұмысының жауаптары.

Сұрақтың нөмері

1

2

3

4

5

Жауаптары

Б

D

Б

А

D

Бағалау

Үйге тапсырма: №124 /2,4,6,8/

Автор
Дата добавления 30.05.2017
Раздел Алгебра
Подраздел Конспект урока
Просмотров144
Номер материала 4175
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.