Уроки математики / Конспект урока / LДұрыс және бұрыс бөлшектер

LДұрыс және бұрыс бөлшектер

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жусупкалиева Н.Н.

Сынып: 5 а Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Сабақтың мақсаты

5.2.1.1

қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар: жай бөлшектер анықтамасын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар: . жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, дұрыс және бұрыс бөлшектерді қысқарта алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі: Жай бөлшектің негізгі қасиеті және жай бөлшекті қысқарту ережелерін пайдаланып, есептер шығару, дұрыс бөлшектерді , бұрыс бөлшектерді ажырата білу

Негізгі сөздер мен тіркестер:. Үлес, жай бөлшек, алым, бөлім, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек.

  • Үлес-Доля-Fracture

  • Бөлшек бөлігі-Дробная часть-Fractional part

  • Бөлімі-Знаменатель-Denominator

  • Бұрыс бөлшек-Неправильная дробь-Unproper fraction

  • Жай бөлшек-Обыкновенная дробь-Vulgar fraction

  • Дұрыс бөлшек-Правильная дробь-Proper fraction

  • Координаттық сәуле-Координатный луч-Coordinate ray

Талқылауға арналған тармақтар:

1. Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше бөлікке бөлінгенін көрсететін сан ... деп аталады.

2.Бөлшектің үстіндегі сан неше бөлік алынғанын білдіретін сан ...деп аталады.

3. алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшек ... деп аталады.

Пән аралық байланыс

Тарих пен өмірмен

Алдыңғы білім

Жай бөлшек ұғымын біледі.

Жай бөлшектің негізігі қасиетін айта алады.

Жай бөлшектерді қысқарта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

5 мин

І. Ұйымдастыру бөлімі:Сәлемдесу.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

Түгелдеу. Оқушылар алақандарын бір-бірінің алақандарына қоя отырып, өлең шумақтарын оқиды.

Ойға толы санамыз

Бестік баға аламыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

Топқа бөлу (Мозайка арқылы 2 топқа бөлінеді)

Алымы бөлімінен үлкен, аламы бөлімінен кіші жай бөлшектері арқылы топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасыын сұрау.

«Серпілген сауал» әдісі бойынша үйге берілген ережелерді айтады.

1. Бөлшектің негізгі қасиеті

2. Жай бөлшектерді қысқарту дегеніміз не?

3. Толықтауыш көбейткіш дегеніміз не?

4. Қысқартылмайтын бөлшек дегеніміз не?

5. Жай бөлшектің формуласы

6. Жай бөлшектің аламы мен бөлімі нені білдіреді?

7. Өзара жай сандар дегеніміз не?

8. Дәреже дегеніміз не?

9. Құрама сан дегеніміз не?

10. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?

Мадақтап, сенім білдіру (шапалақтау арқылы)

Түрлі парақшалар арқылы

Сабақтың ортасы

15 мин

Жаңа тақырыпты оқушылар өздері ашқаннан кейін І топ дұрыс бөлшекке, ІІ топ бұрыс бөлшекке оқып анықтама береді.

АС кесіндісінің ұзындығы ке тең.

АD кесіндісінің ұзындығы ке тең.

Бұл бөлшектердің алымы бөлімінен кіші

Мұндай бөлшектер дұрыс бөлшектер деп аталады.

AK кесіндісінің ұзындығы -ға тең.

AL кесіндісінің ұзындығы ге тең.

Кітаптан № 397; № 398.

Сергіту сәті:

Алым десе орнымыздан тұрамыз

Бөлу сызығы десе қолымызды екі жаққа созамыз

Бөлім десе орнымызға отырамыз.

Сергітуге мың алғыс!

Тарихи мәліметтер (бөлшектің шығу тарихы слайд)

Кір жаятын жіп:

1. Бөлшекті қысқарт:

2. Бөлімі 14 болатын төрт дұрыс бөлшек жаз.

3.Бөлімі 9 болатын бес дқрыс бөлшек жаз.

4. Бөліндіні бөлшек түрінде жаз:

7:12; 9:11; 14:20; 61:100.

5. жай бөлшегін бөлімі 30-ға келтір.

6. Бөлімі 11 болатын барлық дұрыс бөлшектерді жаз.

7. Дұрыс және бұрыс бөлшектерді бөліп жаз.

8. Алымы 8 болатын барлық бұрыс бөлшектерді жаз.

9. Бөлшектерді қысқарт:

Смайликтер арқылы бағалау.

Түрлі – түсті қағаз парақшалары

Интербелсенді

Тақта

Т.А.Алдамұратова

Қ.С.Байшоланова

Е.С.Байшоланов

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасын беру.

Толықтыруды қажет ететін тест

Алым бөлшек сызығының ... жазылып, нешеуі алынғанын білдіреді.

Бөлім бөлшек сызығының ... жазылып, нешеге бөлінгенін білдіреді

Егер бөлшектің алымы бөлімінен ... болса, онда ол дұрыс бөлшек.

Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен не тең болса, онда ол . . . бөлшек.

Дұрыс бөлшектер 1-ден . . . болады.

Бұрыс бөлшектер 1-ден . . . болады.

Кері байланыс: «Блоб ағашы»

403; 408.

Интербелсенді тақта

Саралау-

Дұрыс және бұрыс бөлшектер арқылы топтастырылып, оқушылар жұмыстанды..

Бағалау

Мадақтап, сенім білдіру (шапалақтау арқылы)

. басбармақ,смайликтер арқылы өз-өздерін, топтар бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: «Блоб ағашы»

Әдісі арқылы оқушылардың топта тапсырманы орындау барысын бақылап, есептің шығарылуы мен түсіндірілуіне көп көңіл бөлемін.

Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау

Бөлмелерді желдету, оқу құралдарын түгендеу.

Оқушылардың партада дұрыс отыруы.

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы ұжымдық мәдениеті орнығады.

Автор
Дата добавления 17.11.2017
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров48
Номер материала 4861
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.