Уроки математики / Самостоятельная работа / «Ұлттық валюта – теңге»

«Ұлттық валюта – теңге»

Сынып сағаттың тақырыбы: «Ұлттық валюта – теңге»

(Сынып жетекшісі Умирбекова А.М.)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз еліміздің ұлттық валютасы теңгенің тарихымен таныстыру.

Міндеттері: 1) Оқушыларға тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы екендігін түсіндіру;
2) теңгенің алғаш айналымға енуімен таныстыру ;

3) Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі екендігін айту;

Қолданылған құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, кітаптар көрмесі
Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі: (мұғалімнің сөзімен қатар презентация тақтада көрсету)
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Ата заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды.

Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.

Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: «орыстың «деньги» деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін» - деді. Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген әдемі атауға ие болыпты.

Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.

Оқушылардың сөздері: өлең-тақпақтар айтады.

Оқушылармен сұрақ-жауаптар арқылы сабақты бекітіп шығу.

Автор
Дата добавления 08.12.2016
Раздел Алгебра
Подраздел Самостоятельная работа
Просмотров994
Номер материала 1463
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.