Похожие материалы
Уроки математики / Рабочая программа / ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"1,2,3, цифрлары туралы өткенді пысықтау"

ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"1,2,3, цифрлары туралы өткенді пысықтау"

Ұйымдастырылғын оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы: 1,2,3 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік-аласа. Баланың зейінін дамыту.

Мақсаты: 3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; 1,2,3цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттарды биіктігіне (биік-аласа) қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту; бір-біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Сурет бойынша әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.Қостілділдік құрам: бір-один, екі-два, үш-три.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар, бізге күшік келді. Ол сіздің қандай сандарды білесіңдер және биік-аласа заттарды салыстыра аласыңдар ма деген мақсатымен келді. Күшікке осы ұғындарды айтып береміз бе? Үстелде 1-ден 10-ға дейінгі сандар жатыр. Тәрбиеші таныс цифрды тауып, ол туралы өлең оқып беруді өтінеді.

Балалар күшікке назарларын аударып амандасады.

-Иә айтып береміз. Балалар цифр туралы өлеңдер айтады.

Ұйымдастырушы-лық ізденіс кезеңі

1-тапсырма. Тәрбиеші балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді. Балалардан сұрайды: -Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар? - Қанша кесе боядыңдар? Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: -Бағандардың түсі қандай? Қайсысы биік (аласа) Оны қалай білеміз? Содан кейін сол қолға аласа бағанды, ал оң қолға биік бағанды алуды сұрайды. Тәрбиеші 3-4 баланы шақырып, олардан қай қолындағы бағанның биік, ал қай қолындағының аласа екендігін сұрайды. Содан соң биік бағанға шырша, ал аласасына саңырауқұлақ салыңдар деген тапсырма береді. Сергіту сәті. Оңға бір қадам, Солға бір қадам Шапалақ ұрамыз. Тәрбиеші суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалар «биік – аласа» деген сөздерді қолданып үйренеді. Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш, ал аласасының қасына биік ағаштың суретін салуды сұрайды. Балалар жұмыстанады.

-Үш торсық. - Үш кесе.

Балалар бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті- түзетушілік

Өзі-өзін бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. –Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар? Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: 1,2,3 цифрларын, «биік», «аласа» түсініктерін біледі.Үйрену: Өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік, аласа) салыстыруды үйренеді.

Меңгеру: 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді меңгереді.

Автор
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Рабочая программа
Просмотров124
Номер материала 2666

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.