Бекітемін: | Оқу ісінің меңгерушісі: Утешева Ж.А. |
Алгебра | Қобда гимназиясы |
Кульбаева А.Н. | |
10-сынып | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Туындыны табу ережелері |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: | Туындыны табу ережелерін,дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын игерту,оларды есептер шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: : Туындының анықтамасын ,табу ережелерін біледі; |
Оқушылардың көпшілігі: Дәрежелік функцияның туындысын таба алады; | |
Кейбір оқушылар: Туынды ұғымы бойынша білімдері дамиды. | |
Тілдік мақсат: | Туынды, өсімше, дифференциалдау |
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: | Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Алдыңғы тақырып: | Функцияны дифференциалдау |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсету |
Жоспар: | |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар |
Басталуы | І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІ. Топқа бөлу. «Блум түймедағы» әдісі арқылы тақтада жапсырылған түймедақ күлтелерінің түстерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. ІІІ. Психологиялық дайындық. 2018 жылдың 5 қазанында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай сіз таңдаған күлтешенің артында Елбасының жастарға яғни сіздерге сенім арту мақсатында бірқатар сөздері жазылған. ІV. Өткен тақырыпты еске түсіру. «Пазл құрастыру» әдісі пайдаланылады.Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. Формулаларды құрастыру арқылы, тапсырманы орындайды. Жарыс элементін қосу мақсатында регламент орнатылады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топтан жауап алу жүргізіледі. Пазл бөліктерін құрастырғанда топ аттары белгілі болады. «Жалындаған жастар», «Тәуелсіздік ұрпақтары» топтары. (x²)'=2x ( C'=0 (x) '=1 |
Ортасы | «Bilimland» сайтынан жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқулықтағы есептерді алдымен топта шығару ,сосын тақтаға жазу №140 (а,ә) №141(а,ә) №142(а,ә) №143(а) №144 (а) |
Аяқталуы | Сабақты бекіту мақсатында «BILIMLAND» сайтынан жұптасып тест тапсырмасын орындайды. Оқушыларға 3 минут уақыт беріледі. |
Қосымша ақпарат | |
Үйге тапсырма | №145,146 есеп 92-бет |
Саралау | «Гүлдер» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді өзінің ойынша ең белсенді деп санайтын оқушыға, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген оқушыға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? |
Қабілеті жоғары оқушыларға: | үлестірмелі дидактикалық карточкалар |
Рефлексия |
«SMS» Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефон арқылы досына сабақта қалай жұмыс істегені туралы және сабақ қаншалықты қызықты өткені туралы SMS –хабарлама жіберуін ұсыныңыз. |
Қорытынды бағамдау: | |
Қандай екі нәрсе табысты болды? | |
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? | |
Жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 14.02.2020 |
Раздел | Алгебра |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 1709 |
Номер материала | 6551 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |