Уроки математики / Конспект урока / Назвние темы Сағат 1 сынып

Назвние темы Сағат 1 сынып

Документы в архиве:

15.09 КБ

Сабақ: математика

Мектеп:«Малонарым орта мектебі»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:1 а сынып

Қатысқандар:6

Қатыспағандар:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:циферблаттағы сандарды айтады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:циферблат бойынша уақытты анықтайды

Кейбір оқушылар орындай алады:сағаттың түрлерін тауып дәлелдейді 1 сағаттың жартысын тауып айтады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:циферлаттағы сандарды атап,циферблат бойынша уақытты анықтайды,сағаттың түрлерін тауып дәлелдейді.

Түйінді сөз бен сөз тіркестері:циферблат,қысқа тіл, ұзын тіл

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:ауызекі сөйлеу,ғылыми стиль

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Бүгін сен немен таныстың ? –Сағат дегеніміз не? –Неше тілі бар ? –Олар қалай аталады ?

-Сағат не үшін қажет? – 1 сағатта не істеуге болады ?-Сендер қалай ойлайсыңдар ,1 сағат ішінде не степ үлгеруге болады ?-1 сағатта неше минут бар ?

Не себепті деп ойлайсыз ?

-1 сағаттың жартысы неше минутқа тең?

–Берілген сағаттарға қарап қандай сағаттар екенін айтуға бола ма ?

Ишара:бас изеу,мақұлдау,мадақтау.

Алдыңғы оқу:

Минут туралы ұғым

Жоспар

Жоспарланған уақыт себебі

Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар

Басы

Шаттық шеңберіне тұру

Оқушыларды қима қағаздар арқылы жұпқа бөлу.Бірдей сағат шыққандар бірге отырады.

Өткен тақырыпты қайталау Миға шабуыл

-Мына жұмбақты шешіп көрелік

Ұзынды- қысқа қос тіл

Он екі цифрмен дос бұл. бұл не ?

-Сонымен бүгін біз немен танысамыз ?

-Сағат дегеніміз не ?

-Неше тілі бар ? –Сағат не үшін қажет ?

Сағат макеті

Ортасы

Оқулықпен жұмыс оқулық тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау

Күн тәртібін сағат макеті арқылы айтып шығады.

Жұмыс дәптері

Соңы

Жұппен электронды сағаттан қарап механикалық сағатқа тілдерін салады. Балалар біз қазір ойын ойнаймыз

Ойынымыздың аты «Сағат»деп аталады.шеңберге тұрамыз ішкі және сыртқы шеңбер болады.Сұраққа жауап береміз.Сосын тықылдап орын ауыстырамыз,іштегі оқушы сыртындағы оқушыға қарап жауап береді.

-Сағат деген не?

-Қысқа тілі қалай аталады ?

-Ұзын тілі қалай аталады ?

- 1 сағатта не істеп үлгеруге болады ?

-1 сағатта неше минут бар ?

-Минут пен уақыттың қайсысы көбірек уақытты білдіреді ?

-1 сағаттың жартысы неше минутқа тең ?

-Берілген сағаттарға қарап қандай сағаттар екенін айтуға бола ма?

«Сағат» макеті бойынша өздерін бағалайды.Сағатқа ауыз салу

Күліп тұрса-түсіндім

Күлмей тұрса-жартылай түсіндім

Мұңайып тұрса-мүлдем түсінбедім

Оқушыларды мадақтау

Электронды механикалық сағат суреті

Қосымша мәліметтер

Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсету

Бағалау оқушы білімін тексеру

Пәнаралық байланыс

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақ мақсатына жетті жоспарланған іс-әрекеттер орныдалды.Циферблат бойынша уақытты анықтай алды.

Автор
Дата добавления 10.02.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров964
Номер материала 2557
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.