Уроки математики / Конспект урока / Қосу және азайту. 78+22, 100-22

Қосу және азайту. 78+22, 100-22

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қосу және азайту. 78+22, 100-22

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: 
1. Сандардың ондық құрамы туралы біліміне сүйеніп, разрядтан екі рет аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды орындауды меңгерту; екі амалмен шығарылатын есепті салыстыруды, талдау, шешу тәсілдері туралы қорытынды жасауға машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру білімін бекіту. 
2. Сауатты, көркем, ұқыпты жазуға баулу. Берілген тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 
3. Логикалық ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын дамыту, есептеу машықтарын жетілдіру, өз беттерінше есептеу дағдысын қалыптастыру. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік жұмыс, ойын 
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сандар, қима қағаздар,сөзжұмбақ 

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Жазбаша қосу және азайтуды қалай орындадық? 
- Балаларға өткен сабақты қалай меңгергенін бақылау мақсатында таратпа парақтары таратылады. 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

А) Қызығушылықты ояту 
Сыныпқа ребус беру 
40,,,, 10, ,,5 ,,50 - қосу 

(азайту) 
Ребустың жауабын дұрыс шешіңдер 
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Қосу және азайту, 78+22; 100-22» 
Сабақтың мақсатын хабарлау. 
Ә) Тірек білімді еске түсіру 
Ауызша есептеу «Кім жылдам?» ойыны 

Б) Оқулықпен жұмыс 
№1 тапсырма. 
А) 70+20 8+2 90+10? 
Ә) Қосудың тәсілдерін түсіндіру 
1 – тәсіл: 78+22=(78+20)+2=100 
2 – тәсіл: 78+22=(78+2)+20=100 
3 – тәсіл: 78+22=(70+20)+(8+2)=100 
№2 тапсырма. 
А) 90-20 100-10 10-2 70+8? 
Ә) Азайтудың тәсілдерін шешу: 
1 – тәсіл: 100-22=(100-20)-2=78 
2 – тәсіл: 100-22=(100-2)-20=78 
3 – тәсіл: 100-22=(90-20)+(10-2)=78 
90 10 
В) Тақтамен жұмыс 
№3 тапсырма 
65+35=100 100-34=66 
37+63=100 100-56=44 
64+36=100 100-18=82 
№4 тапсырма 
А) қызғалдақ – 35 ? гүл 
Раушан гүлі -- ?, 28 – і кем. 
Шешуі: 
(35-28)+35=42 (гүл) 
Жауабы: барлығы 42гүл сыйлады. 
Ә) Ұл балалар – 25 ? бала 
Қыз балалар - ?.
10 – ы артық. 
Шешуі: (25+10)+25 =60/бала/ 
Жауабы: Барлығы 60 бала қатысты 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Тиісті фигураны қой.

Өзіндік жұмыс 
№5 тапсырма 
Әр қатардағы сандарды кему ретімен теріп жазу, екі қатардағы сандарды салыстыру. 
98,89, 87, 78, 64, 52, 46, 25; 
91, 84, 71, 48, 32, 23, 19, 17. 
Д) Сергіту сәті. 
Қимылды ойын 
Е) Шығармашылық тапсырма. 
Ж) Сабақты бекіту 

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Автор
Дата добавления 22.02.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров555
Номер материала 2922
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.