Уроки математики / Рабочая программа / Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "5 цифрымен танысу. Сол жақта , ортасында, оң жақта"

Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "5 цифрымен танысу. Сол жақта , ортасында, оң жақта"

«Балбөбек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы: 5 цифрымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.

Мақсаты: 5 саны және цифрымен танысыру, нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрету: заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Пішіндердің суреті, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық.
Қостілдік құрам: бес- пять,жоғарыда – наверху, ортасында – по середине, шаршы-квадрат..

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар.
Қайырлы таң !
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора-жолдас, ұл мен қыз!

1- тапсырма. Суретпен жұмыс. Ағашта бес қарға отыр, оған тағы біреуі ұшып келіп қосылды. Нешеу болды?

Бірге қайталады.

- Бесеу.

Ұйымдастырушы-лық ізденіс кезеңі

Педагог тапсырма бойынша сұрақтар қояды.

  • Шатырда неше қарға бар?

  • Олар қалайша бесеу болып кетті?

  • Қайсысы артық: 4 пе, 5 пе?

  • Суретте неше құс болса, жолақша сонша дөңгелектің суретін сал.

  • «Алғыр Джек»

  • Сергіту минуты.

Ағылшынның «Джек алғыр бол» деген өлеңі 5-ке дейін санауға көмектеседі. Джектің рөлін балалар кезек –кезек орындайды.

Джектің алғыр екенін,

Білесің бе?, досым, сен?

Секіреді ол қазір,

Алға қарай бес рет.

Ал біз қарап тұрмайық,

Санайық сонша рет.

2-тапсырма.

Педагог балаларға өлең оқып береді.

Жақсы оқыған балаға,

Қойылатын бұ баға.

Барлық бала ізденіп,

Алады «бестік» баға тек.

Педагог балаларға 5 цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, 5 саны қаншаны білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады.

Содан соң өзге цифрлардың арасындағы бестіктерді тауып, оларды қоршап сызуды сұрайды.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог алдымен балаларға карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл сол дәл сол фигуралар салынған кестені көрсетеді. Бірақ олардың түсі мен көлемі балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше. «Менде үлкен сары үшбұрыш жоқ, сендерше?» және т.б сұрақтар қояды. 2-3 баладан шақырып, өздерінің қолындағы белгілі бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен, кіші) атап беруді өтінеді.

3- тапсырма

Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді.

  • текшелер қайда жатыр?

  • Кереует қайда?

- Доп қай жерде жатыр?

Педагог балаларға мынадай тапсырма береді.

- Оң жақтағы заттарды сары қарындашпен, ортадағыны қоңырмен, сол жақтағыларды көгілдір түспен, ал керуеттің астында жатқан затты қызылмен бояңдар.

Алғашында төрт қарға болатын, сосын оған тағы біреуі келіп қосылды. Сонымен бесеу болды. Бестің төртпен біреуі артық.

Олар шеңбер құрып тұрады, ортасында жетекші (Джек) тұрады. Ол өлеңнің мәтіні бойынша қимылдайды.

Балалар 5 цифры туралы өлеңді жаттайды.

Балалар бес моншақты бояйды.

Балалар тапсырманы орындайды.

-Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар заттарды бояйды.

Рефлексивті- түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

- Балалар, сендер екінші жолаққа неше қардың суретін жапсырдыңдар?

- Үшінші жолаққа ше?

Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.

Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.

  • Үшеу.

  • Төртеу.

Күтілетін нәтиже:

Білу: 5- цифрын;
Үйрену: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;.
Меңгеру: Кеңістіктік қарым-қатынастар туралы түсінікті (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, алдында, ортасында).


Автор
Дата добавления 16.01.2018
Раздел Дошкольная
Подраздел Рабочая программа
Просмотров259
Номер материала 5154
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.