Уроки математики / Другое / Поурочный план математика 2 класс

Поурочный план математика 2 класс

Коучинг сабақ жоспары :
Коучинг тақырыбы:
Кері байланыс.
Оқытудың мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Тренинг өткізу. «Суретші» Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасақан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады.
ә) Ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу. Мұғалімдер төрт - төрттен топқа бөлінеді
ІІ. Негізгі бөлім
Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау.
1)

М.Шахановтың «Қыран» тақырыбындағы өлеңін ұсынады 

Баяғыда,

Бабамыздың бабасының бабасы жүрген кезде сүйенбей таяғына

Көңіліне пәктіктен өсірген гүл,

Жомарт әрі мейірбан жесір кемпір

Ұстап апты ауласына келіп қонған бүркітті.

(Одан мұндай батылдықты кім күтті?)

Ал Бүркіттің көріп имек тұмсығын

Кемпір қатты үркіпті.

Оны өзінше «майысқан» деп ойлапты

Сөзге келмей пышағын тез қайрапты.

Имек жерін кесіп, жонып, тегістеп

Сорлы құсқа бір жақсылық жасауға бел байлапты.

Гүжім аспан әлеміне айбатты.

Қайратына тамсандырған аймақты,

Қайсар қыран тағдыры

Ақылсыздау, бірақ адал кемпірдің,

Пышағында ойнапты.

Кемпір байғұс сыртқа жайып шын сырын,

«Басы қайтты, - деп қуанды, - қауіптің».

Жона - жона имек бүркіт тұмсығын

Тұмсығына ұқсатыпты ол тауықтың.

Енді бірде бүркіттің

Өткір, ұзын тырнақтарын аңғарып,

Басын шайқап тұрып қапты таңданып:

-Мүшкіл екен,

Мүшкіл екен бұл халің,

Сорлы құсым, егер де мен жолықпасам бағыңа.

Жетіпсің – ау жүдеп өлер шағыңа –

Деп отап ап тастады бар тырнағын.

Патша жұртқа жар салады:

-Талмас қанат,

Алмас қылыш иықты,

Маған ылғи аңсататын биікті,

Тіпті жалғыз інім өлген кезде де,

Ұмыттырған кеудемдегі күйікті

Бүркітімді жоғалттым мен сүйікті.

Қыран еді ол бастан бағы ұшпаған,

Менмін деген арланды

Менмін деген киікті,

Тырнағы мен тұмсығында ұстаған.

Қайырымдылық ерлікке тән әмәнда,

Бүркітімді тауып берген адамға

Ат басындай алтын сыйлау

Түк қиындық туғызбайды маған да.

Ойға, қырға шабармандар ағылды,

Жұрттың бәрі бүркітті іздеп сабылды.

Үміт оты сан тараптан жағылды

Бірақ бүркіт қиындықсыз табылды.

Мазасыздық бұлты сондай серпілді

Алас - күлес шаттық күйі шертілді.

Шадымен жұрт хан көтере мадақтап,

Патша алдына алып келді кемпірді.

Патша лезде құсын танып, түнеріп

Үнсіз қалды зілман ойға тереліп.

Көңіліндегі апас - қапас тасқынды

Айғақкерлер жанарына жас тұнды.

Енді бір сәт оймен шолып қиырды,

Қабағын тас жиырды.

Нөкерін тез шақырды да бүркітті

Өлтіруге бұйырды.

-Тағдырыңды қасіретке байлаған

Ап шыға алман, бұл тұйықтан, қайраннан.

Хош бол, құсым, - деді патша қыранға,-

Өлген жақсы қасиетін жойғаннан.

Сонан кейін:

-Иә, кемпір, аман ба?!

Деп жадырап шыға келді ол табанда,-

Сендей жомарт адамдар,

Ауадан да қажетті біздің қоғамға.

Үстем содан мерейің бе, бағаң да.

Шапағатың тиді, міне, маған да.

Әттең, әттең... осы дарқан пейіліңе \ақылыңның сай келмеуі жаман да.

Тұғырыңда тұра алмайсың тағап қып,

Сөйтіп тағы жасайсың – ау ағаттық.

Нәрестенің қолындағы қанжардай - ақылсыздың қолындағы жомарттық.

Жаның адал.

Адал содан асың да.

Ат басындай алтыныңды ал,

Тосылма!

Бірақ мына алтын алған қолыңды,

Амал қанша, қалдырасың осында.

Тек өзіңді санай көрме ғарыпқы,

Қатал жаза қолдандың деп қамықпа.

Өйткені сен қарсы шапқан жаудан да

Қауіптісің халыққа.

Қалың қауым сенен оңғақ күй көрсе,

Саған қарап жомарттықтан жиренсе,

Не болмақшы?

Ал мына алтын өзіңді

Асырасын арқаң жерге тигенше!

Қатал патша дегенінен қайтқан ба?!

Сөйтіп қолын кескен екен кемпірдің...

Анам маған осы аңызды айтқанда

Көз алдымда сен тұрдың.

Дарының да, даңқың да бар жаңғырғын,

Ақ тілектер арай шашса гүлдейсің.

Бірақ ертең не күтеді алыңнан,

Білмейсің – ау,

Оны мүлдем білмейсің.

Тұтастырып бақ пен сордың арасын

Сиқырлайды атар таңның назды үні.

Бүгін кіммен,

Ертең кіммен боласың?

Тым күрделі бұл сұрақтың мазмұны.

Заман егер аяамаса бар нұрын

Мансап сені құлата алмас торына.

Жатсам - тұрсам тілемеймін тек

Тағдырың,

Түспесін деп әумесердің қолына.

Егін жұртқа бағалы тек дәнімен,

Дән саларлық ойларыңды сұрыпта

Дос көңілін ұсынғаның бәрінен

Достық шыға бермейтінін ұмытпа...

Коуч қатысушыларға өлеңні естіп болған соң 
- Патша не үшін қыранны өлтірді? 
- Не үшін кемпірді марапаттады, не үшін қолын кесті? 
- Жазушы өз өлеңі арқылы бізге не жеткізгісі келді? деген сұраққа СТО арқылы постер жасауды ұсыну 

Коуч мұғалім топпен постер жасау тапсырмасын береді, тапсырманы орындап болған соң топтар өз постерларын презентациялайды. 

Екі топ бір – біріне кері байланыс жасайды.
2) Бірлескен талдау. «Миға шабуыл»
1. Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?
2. Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
3. Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
4. Қандай әдіс - тәсілдері бар

5. Сіз сабақта қандай кері байланыс қолданасыз?

6. Неліктен? Не себепті?

7. Бір кері байланысты үнемі қолдану оқушыларды жалықтыра ма?

8. Кері байланыс кезінде оқушының пікірін талқыладыңыз ба?

9. Неліктен дал сол кері байланысты талқыладыңыз? Дал сол кері байланысты талқылауыңыздың себебі неде?

10. Кері байланысқа деген сіздің таза тақты ойыңыз қандай?

Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз. Кілті:

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады. Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлік, батылдық керек.

Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншатығыңыз да жоқ емес.

Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Слайд:

Сабақтағы кері байланыс. Слайдтар
Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жай
лы мәліметтер беру.
• Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с
Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.
(Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.
- “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: “Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

5) Мұғалімдерге екі сабақтың панорамасын көрсету.
- Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер. Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.

ІІІ. Қорытынды кезең.
• Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)

- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.

Сабақта кері байланысты қолданудың 10 тәсілін баспалдаққа жазып көрсетеміз.


Қорытынды:

Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.
«Данышпан мен адам»

Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.


Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.


Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Автор
Дата добавления 19.11.2016
Раздел Начальная
Подраздел Другое
Просмотров1196
Номер материала 1241
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.