Уроки математики / Конспект урока / Поурочный план на тему "Заттарды санау "

Поурочный план на тему "Заттарды санау "

Тоқсан І

Күні

Сабақ 1 сабақ

Тарау

Қарапайым түсініктер

Сабақтың тақырыбы

Заттарды санау

Сілтеме

Математика оқулығы, Т.Қ. Оспанов, Қ.Ә. Өтеева, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә. Ерешева, М.В. Маркина

Алматы «Атамұра», 2012 ж.

Жалпы мақсаты

Санаудың мәнін ашу, жекелеген заттарды санауға үйрету, заттарды салыстыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу

Күтілетін нәтижелер

Жекелеген заттарды санауға үйренеді, заттарды салыстырады

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

Ойын «Ойлан , тап»,Ассоциация кестесі;Ой қозғау;Диалогтік оқыту; «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері.

Керекті жабдықтар

Кубиктар,суреттер,үлестірмелік карточкалар, маркер, стикер т.б.

Сабақбарысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Модульдер көрінісі

Топқа бөліну

2 минут

Кубиктар арқылы топқа бөлу

Кубиктар арқылы топқа бөлінеді

3 минут

Психологиялық ахуал

«Жұппен−топпен» әдісі

Диалог «Менің отбасым»

Оқушылар өзара өз отбасы туралы айтады

Өзіне жақын адамдардың суретін салады

Сенің отбасыңның неше мүшесі бар?

Сыныптағы қай оқушының отбасы ең үлкені?

Өз обасыңның ең үлкені кім?Ең кішісі ше?

Өз отбасыңда неше бала бар?Кімнің отбасында көп бала бар?

Қандай отбасын көп балалы дейді?

Неліктен олар солай аталады?

Өзара пікір алмасады, ақпаратпен бөліседі, санайды

ОЖТ (ДО)

Білу

8 минут

Жаңа тақырыпқа бағыттау

«Ой қозғау» әдісі

1.Кубиктармен жұмыс

Неше кубик көріп тұрсыңдар?Олардың түстері қандай?Олар неден жасалған? Ішінде бірдейлері бар ма?

2.Жоғары−төмен

Жоғары сөреде 5 кубик, төменгі сөреде 2 кубик

Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?Сыныптағы заттарды санаңдар.

Қайсысында кубиктар аз?Қайсысында көп?

Мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады,жаңа ақпарат жайлы өзіндік пікір қалыптастырады.

ЖЕ

СТО

ДО

Түсіну

4 минут

Оқулықпен жұмыс

1-4 тапсырма

Ойын «Ойлан , тап»

Қанша? Неше?Нешеу? сұрақтарына жауап береді

Оқулықпен және дәптермен танысады

Заттарды атайды, атқаратын міндетін анықтайды, жіктейді

ДО

СТО

Сергіту сәті

Қолдану

8 минут

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

Суреттер мен шаршылардың нешеуі боялғанын және боялмағанын анықтау

Жүрген бұл қос маңғаз

Біздің қаз, екі қаз

Бірі – ақ, бірі – сұр,

Көңілді екі қаз.

Қандай түсті қарындаштарды пайдалану мүмкін екендігін айтады. Үлгі бойынша біріктіреді және бөліп алады, жазады

ЖЕ

ДО

СТО

Талдау

5минут

«Ассоциация кестесі» әдісі

Қоян, аю дегенде ойларыңа не келеді? (кһжек, қонжық)

Оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, көжек пен қонжық туралы айтады

ЖЕ

СТО

Жинақтау

10 минут

СТ (стандарт емес тапсырма)

Суреттерді салыстыру

Жыл мезгілдерін қайталау

Талқылайды және айтады, ұқсастығы мен айырмашылығын айтады, жапырақтардың неліктен өзгергенін, жыл мезгілдеріне сәйкес өзгергенін талқылайды

СТО

ТДО

ЖЕ

Бағалау

Кері байланыс

Үй тапсырмасы

5 минут

Сабақта нені сәтті орындадыңдар?

Нені жақсы жасай алдыңдар?

Қандай тапсырмалар қызықты болды?

Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?

Тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді?

3-4 бет

Өз−өзін және сыныптасын бағалау

Қол шапалақтап және жест арқылы бағалайды

ОүБ ОБ

Автор
Дата добавления 13.12.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров493
Номер материала 1535
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.