Уроки математики / Другое / Сабақ жоспары Тақырыбы: "Комбинаториканың негізгі элементтері" (10 сынып)

Сабақ жоспары Тақырыбы: "Комбинаториканың негізгі элементтері" (10 сынып)

Сабақ жоспары

Күні: 13.04.2017

Сынып: 10

Сабақ № 86

Пәні: Алгебра

Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы

Сабақ тақырыбы: §21. Комбинаториканың негізгі элементтері.

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Оқушыларға комбинаториканың қарапайым бөлімдері – орналастырулар, алмастырулар, терулер топтарының ерекшеліктеріне, топтар санын анықтау, мен факториалға есептер шығару дағдысын қалыптастыру;

дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігін,өз бетінше және топпен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту;

тәрбиелігі: Оқушыны шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, Ротация(ауыстыру әдісі).

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайдтар, плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысымын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №275

ІІІ. Пысықтау сұрақтары

Слайдтан: Сергіту сәті: (алдынғы тақырыптарды қайталау және бүгінгі есеп шығаруға дайындау мақсатында)

1.n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар дегеніміз не?(берілген n элементтерден әр топта m элемент (m < n) болатын, топтарының бір – бірінен өзгешелігі ең болмағанда элементтерінің біреуінің өзгешелігінде немесе элементтерінің алыну ретінде болатын комбинациялар (қосылыстар) топтарын айтады).

2.n элементтен жасалған алмастырулар дегеніміз не?( n элементтен n-нен жасалған орналастыруларды айтады).

3.n элементтен алынған m-нен құралған терулер дегеніміз не?( берілген n элементтерден әр топта m элемент (m < n) болатын топтарының бір – бірінен өзгешелігі ең болмағанда элементтерінің біреуінің өзгешелігінде болып келген (комбинациялар) қосылыстар топтарын айтады).

4.Орналастырулар қалай белгіленеді, оқылады?мұндағы m,n нені білдіреді?

5.Алмастырулар қалай белгіленеді, оқылады?мұндағы n нені білдіреді?

6.Терулер қалай белгіленеді, оқылады?мұндағы m,n нені білдіреді?

7.n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар топтарының саны қандай формуламен өрнектеледі? ()

8.Алмастырулар топтарының санын анықтайтын формула?

9.Терулер топтарының санын анықтайтын формула? ()

10.Факториал дегеніміз не? (1-ден n-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісін айтады. n белгісімен белгілейді)

11.n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар топтарының санын есептейтін формуламен факториал ұғымы қолданылып түрленген формуланы жаз?()

12.5; 6; 7 сандары арқылы үш орынды қанша сандар жазуға болады? (алты сан)

ІV. Есептер шығару.

Есептеңіз. 
С_4^3+Р_3; С_5^4+С_4^1 
Шешуі: 
С_4^3+Р_3=4!/3!(4-3)!+3!=(4×3!)/(3!×1)+3×2×1=4+6=10 
С_5^4+С_4^1=5!/4!1!+4!/1!3!=(5×4!)/(4!×1)+(4×3!)/(1×3!)=5+4=9 
2 деңгей: 
Мәтінді есептер. 
1. 15 спортшы өзара 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медалға күреседі. 
Осы спортшылар өзара медалдарды қанша жолмен бөлісіп алар еді? 
2. 15 адамнан 5 адамдық бригаданы қанша жолмен құруға болады? 
Шешуі: 
1. А_15^3=15!/(15-3)!=15!/12!=(15×14×13×12!)/12!=2730 
2. С_15^5=15!/5!(15-5)!=15!/5!10!=(15×14×13×12×11×10!)/(5×4×3×2×1×10!)=3×7×13×11=3003 
3 деңгей: 

Теңдеулерді шешіңдер: 
ә) (m+1)!/(m-1)!=30 
(m+1)m(m-1)!/(m-1)!=30 
m^2+m-30=0 
m_1=5 m_2=6 
Жауабы: 5 немесе 6 
б) A_(x+1)^2=420 
(x+1)!/(x+1-2)!=420 
(x+1)!/(x-1)!=420 
(x+1)x(x-1)!/(x-1)!=420 
x^2+x-420=0 
x_1=20 x_2=-21 (есептің шартын қанағаттандырмайды) 
Жауабы: 20 

V. Тест тапсырмалары.

  1. А2 4 + А2 5 + А2 6 есептеңдер:

А) 432 В) 422 С) 420 Д) 62

2. өрнегінің мәнін табыңдар

А) В) С) 9 Д)

3. Командадағы 20 ойыншының үшеуін жарысқа алу керек. Қанша тәсіл бойынша таңдауға болады?

А) 6800 В) 6870 С) 6840 Д) 6900

4. Егер А2 n-1 болса, онда n-нің мәнін табыңдар.

А) 2;1 В) 0; 1 С) 4; 2 Д) 3; 1

5. өрнегінің мәнін есептеңдер

А) 110 В) 100 С) 120 Д) 210

6. Терулер қасиеті бойынша неге тең?

А) В) С) Д)

VІ. Қорытынды:

Кроссворд.

Ф

у

н

к

ц

и

я

л

А

г

р

а

н

ж

э

К

с

т

р

е

м

у

м

а

л

м

а

с

Т

ы

р

у

л

а

р

а

р

к

к

О

т

а

н

г

е

н

с

о

Р

д

и

н

а

т

а

м

И

н

и

м

у

м

ж

а

н

а

м

А

т

е

р

у

Л

е

р

Сұрақтар:

1.Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық?

2.Туынды у΄ және f΄(x) белгілеулерін енгізген ғалым?

3.Функцияның максимум және минимум нүктелері қалай аталады?

4.n элементтен n-нен жасалған орналастырулар қалай аталады?

5.у = сtgх функциясына кері функция қалай аталады?

6.Оу осі қалай аталады?

7.х0 нүктесінің аймағында туынды таңбасын минустен плюске ауыстырса функцияның қандай нүктесі болады?

8.у= f(x0) + (x0)(x - x0) мына формула қай теңдеудің формуласы?

9.берілген n элементтерден әр топта m элемент (m < n) болатын топтарының бір – бірінен өзгешелігі ең болмағанда элементтерінің біреуінің өзгешелігінде болып келген (комбинациялар) қосылыстар топтарын не деп атайды?

VІ. Үйге тапсырма: Қайталау

Тест
1. Есепте Р_5 
А) 30 В) 100 С) 120 Д) 5 
2. Есепте С_12^4 
А) 128 В) 495 С) 36 Д) 48 
3. Есепте А_8^4 
А) 10000 В) 1680 С) 32 Д)1600 
4. Әр түрлі 4 кітапты кітап сөресіне неше тәсілмен қоюға болады? 
А) 24 В) 4 С) 16 Д) 20 
5. Футбол командасында 11 адам. Капитан мен оның орынбасарын таңдау керек. Неше тәсілмен таңдау керек? 
А) 22 В)11 С)150 Д) 110 
Тапсырмалар 1 2 3 4 5 
Жауаптар С В В А Д 

VІІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқанына сай бағалау.

Бағалау критериі: 
«5» - 24 ұпай және одан жоғары 
«4» - 19-23 ұпай 
«3» - 13- 18 ұпай 
«2» 0-12 ұпай 

VII. Рефлексия. /2 мин/ 
Плакатта
таудың суреті салынған. /Сабақтың алдында ілінеді/. 
Мұғалім: Осы таудың шыңы – «Түсіндім, есепті шығара аламын», 
Орта белі – «Жартылай түсіндім», 
Таудың етегі – «Мүлде түсінбедім» мағыналарын білдіреді. 
Балалар, берілген «жалауларыңды» /стикелерді/ «таудың» қай тұсына жапсырар едіңдер? 

Автор
Дата добавления 19.05.2017
Раздел Алгебра
Подраздел Другое
Просмотров494
Номер материала 4134
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.