Уроки математики / Другое / "Аудан" тақырыбына сабақ жоспары

"Аудан" тақырыбына сабақ жоспары

Сабақ жоспары

ҰМЖ бөлімі: Аудан

Мектеп: Екібастұз ЖОББМ ТЕКСЕРІЛДІ:

ОІМ: Азмагамбетова Н.Б

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кицул Альбина Сергеевна

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Фигураның ауданы және оның қасиеттері

Оқу мақсаты

8.1.3.9

көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;

8.1.3.10

тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу;

Сабақтың

мақсаты:

барлығы: көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін, тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын біледі және фигураларды ажыратады.

басым көпшілігі: тең құрамдас фигураларды анықтайды және ауданын табады.

кейбіреуі: күрделі фигуралардың ауданын тиімді тәсілдермен есептейді, дәлелдейді.

Бағалау критерийі

- көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін, тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын біледі және фигураларды ажыратады

-тең құрамдас фигураларды анықтап,аудандарын табады

-күрделі фигуралардың ауданын есептейді, дәлелдейді

Тілдік

мақсаттары

аудан, тең шамалас фигура, тең құрамдас фигура, жай фигура

Құндылықтарғаа

баулу

Қазақстан Тәуелсіздігі және Астана

Жалпыға еңбек беру қоғамы

(еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу)

Пәнаралық

байланыс

сызу, информатика, қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

-геометриялық фигуралардың түрлері

-геометриялық фигуралардың элементтері және қасиеттері.

-аудан ұғымы

-ұзындық бірлігі

-аудан бірліктері

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

1.2 «Журектен-жүрекке» тренингі арқылы бір-біріне жылы сөздер айтады

1.3 Топқа біріктіру – Астана қаласының суреттерін таратамын, бірдей суреттер бойынша біріктеремін, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтамын.

1.4 «Қар кесегі» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.

ҚБ: «бағдаршам» әдісі оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалайды

қызыл-қате

сары-толық емес

жасыл- дұрыс

Ребус шештіру. Жаңа тақырыппен таныстырамын

тау, чемодан - аудан

Сабақтың ортасы

27 минут

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру

(Т) «Джигсо» әдісі бойынша тақырыпты оқулықтан оқиды, топ арасында талқылайды, түсінеді.(7мин)

Сұрақ-жауап әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды және сөзбен бағалайды

Дәптермен жұмыс: оқулықтан маңызды мәліметтерді жазу (7мин)

Венн диаграммасы әдісі бойынша оқушылар топпен А-4 формат қағазға диаграмманы сызып, толтырады (көпбұрыштардың түрлерінің айырмашылығын, ортақ қасиеттерін жазады) әр топ тақтаға шығып талдап, қорғайды. (3мин)

Венн диаграммасы

тең шамалас фигура тең құрамдас фигура

Топтық жұмыс (5мин)

2-тапсырма: №8. Қабырғасы 4-ға, диагоналі 5-ға тең тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар (Пифагор теоремасы бойынша белгісіз қабырғасын табады, формула бойынша ауданын есептейді) Жауабы: 12 см

3-тапсырма: Суреттегі көпбұрыштың ауданын табыңдар. Торкөздің қабырғалары 1- см тең

Есептерін үлестірмелі қағазда көрсетілген дескриптор арқылы тексереді

тапсырма

дескриптор

2

берілгенін жазады

Пифагор формула бойынша

белгісіз қабырғасын табады

ауданын есептейді

3

суреттегі берілген көпбұрыштан дұрыс көпбұрыш құрастырады

тиімді тәсілдермен ауданын

есептейді

жауабын жазады

Мұғалім оқушылардың қажеттеліктерін анықтайды, бағыттайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өз жауаптарын бағалайды

(Ө) Қалыптастырушы бағалау (5мин)

Оқу мақсаты

8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Тең шамалас және тең құрамдас, тең фигураларды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

Тапсырма

Тең құрамдас, тең шамалас және тең фигураларды табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • тең шамалас фигураларды көрсетеді;

  • тең құрамдас фигураларды көрсетеді;

  • тең фигураларды табады.

«Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы ауызша оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерінің қажеттіліктерін анықтап, бағыт бағдар беремін (3мин)

«Басбармақ» әдіс арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды

үлестірмелі қағаз

Сабақтың соңы

5 минут

«Борт журналы» әдісі бойынша оқушылар кестені толтырады.

берілген тақырып

бойынша бұрыннан

білетінім

мәтінді оқып жаңадан

білгенім

болжамдар

тың ақпараттар

«Кері байланыс» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасы: кез-келген көпбұрыштың макетін жасап , ауданын есептеп кел

кесте

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Өзін – өзі тексеру мен бірін-бірі тексеру нұсқалары қарастырылған, қабілетті оқушыға жеке тапсырма берілген

Оқушылардың білімін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың «Қар кесегі» әдісі «Джигсо» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі, «Кім жүйрік?» «Сұрақ ілгегі» әдіс- тәсілдерін қолдандым.

Қалыптастырушы бағалау: жеке, жұппен және топтық жұмыс

Оқушылардың денсаулығын және қауіпсіздік техникасын сақталуын қадағалау. Сабақта сергіту жаттығуларын қолдану


Автор
Дата добавления 21.01.2020
Раздел Геометрия
Подраздел Другое
Просмотров2074
Номер материала 6532
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.