Уроки математики / Конспект урока / Конспект урока по математике на тему "Монеталармен санау"

Конспект урока по математике на тему "Монеталармен санау"

Пән: математика

Ортақ тақырып: «Тағам және сусын», «Тәні саудың - жаны сау» тақырыбы аясында

Ұзақ мерзімді жоспар 4 А бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер;

Бөлімше:1.3. Шамалар және өлшем бірліктер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаманбаланова Шугыла Жомартовна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Монеталармен төлеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен төлем жасай алады;

Көптеген оқушылар: құны, бағасы, саны және қайтарымның арасындағы тәуелділікке негізделе түрліше операциялар жасайды

Кейбір оқушылар:1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен төлемді тиімді жасай отырып, оны қалай және қандай комбинацияда қолдануға болатынын зерттейді, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

- Монеталармен төлем жасай алады, төлем жасау үшін ірі ақшаны қалай ұсақтау керек екенін біледі

- Оқушылар теңгенің қолданылымын түсініп үйренеді

Тілдік мақсаттар

Нақты ситуациялар барысында төлем жасай отырып, ақысын қалай төлейтіндіктерін түсінеді

Пәнге тән лексика мен терминология:

сомасы, құны, тиын, теңге, жалпы көлемі, қайтарым, құнын есептеу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Сіз … теңгеге не сатып аласыз?

-Төлем үшін сіз қандай тиындарды пайдаланасыз?

-Бұл нақты сома бола ала ма? Қайтарым ақша қала ма? Қайтарымға қандай тиындар беріледі /алынады?

- Себебін айта аласыз ба …?

-Сіз тиындардың түрлі комбинацияларымен төлем төлей аласыз ба?

- Заттың құнын ең аз монета жұмсап қалай төлеуге болады?

Құндылықтарды қалыптастыру

-денсаулық, достық және айнадағыларға қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд арқылы тапсырмаларды орындай отырып, әр түрлі комбинациядағы операцияларды жасауға дағдыланады. Видео арқылы ақша айналымы туралы түсінік қалыптасады.

Бастапқы білім

Оқушылар монеталардың құнын және төлем жасау біліктеріне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды шеңберге жинай отырып, дорбадағы тиындарды сылдырлату.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, менің дорбамның ішінде не бар?

  • Олар не үшін керек?

  • Ендеше қазір сендермен «Дүкен» ойынын ойнайық.

2. (Т) «Дүкен» ойыны.

Оқушыларды монеталар санына қарай топтастыру. Топтар өз тиындарының құнына қарай «Дүкен» ойынын ойнау арқылы 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем операцияларын жасау негізінде сатып алынған заттардың құнын салыстыруға, себебін дәлелдеуге, көп заттың ішінен пайдалы тағамдарды сатып алуға бағыттау.

-Қай топ өз ақшасын тиімді қолдана алды? Дәлелдеп көр.

(ҚБ)«Үш шапалақ» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Тиындар салынған сандықша

Дүкендегі тауарлар суреттері,

монеталар

Сабақтың ортасы

Саралауға арналған тапсырма

3. (МК) Ақша айналымы туралы видео көрсету.

4. (Ж) Оқулықпен жұмыс: 1-тапсырма:

Тапсырманы орындау барысында оқушыларды сурет бойынша өзін сөйлету,ақшаны ұсатудың қажеті қандай екенін сұрау.дәлме –дәл есептесу тура төлеу үшін ақшаны ұсақтау керектігіне оқушылардың көзін жеткізу.

(ҚБ) Басбармақ әдісі арқылы бағалау.

5. (Ж) «Кім жеңімпаз?» ойыны.

Ойын шарты:

Жұпта отырған оқушыларға 2теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңгелік монеталар беріледі. Мұғалім ойын текшесін лақтырады. Текшенің қырындағы жазылған санның көрсетілуіне байланысты оқушылар ең құны төмен монеталарды пайдаланып, ақшаны ұсақтау керек. Құны түскен санға тең келетін монетаны қолдануға болмайды

(ҚБ) Жұлдызша арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

6. (Ж) Оқулықпен жұмыс: 2-тапсырма: «Ойлан, тап»

Ол бір кесе шай мен бір кесек қантқа ақшаны тура

төлеу үшін қолындағы ақшасын қалай ұсақтауы керек?

-Тапсырмаға жауап беру үшін не істеу керек?

-Сәуле сатып алған заттардың құнын табуы керек.

-Сәуленің қолында қандай монеталар бар?

-

-Үш 10 теңгелік монетамен қалай есептеуге болады?

Қорытынды:

Ұсақтау арқылы сатушыға заттардың құнын дәлме –дәл есептеп беруге болады.мұны тура төлем дейді.

(Тұра төлем жасау үшін 10 теңгенің біреуін ұсақтау керек екенін талдату.)

Тапсырманы әрі қарай жұппен орындату.

Оқушылардың міндеті:

10 теңгеліктерді ұсақтаудың әр -түрлі тәсілдерін көрсетіп,сатушыға дәлме-дәл 28 теңге санап беру.

(ҚБ) «Күлегештер» әдісі арқылы бағалау.

7. (Д) Дәптермен жұмыс

1. Заттардың құнын төлеу үшін әр түрлі тәсілмен қажетті монеталардың суретін сал. Қажетті монеталарды әрбір нұсқада таңдап ал.Тапсырма орындалғаннан кейін дұрыс нұсқасы тақтаға ілінеді.

2. 18 теңге тұратын сызғыштың құнын төлеу үшін қандай монеталарды аласың. Әрбір нұсқада қоршап жаз.

(ҚБ) Оқушылар смайлик арқылы өз-өздерін бағалау

8.(Ж) Оқулықпен жұмыс: 3-тапсырма:

«Шығарып көр»

«Шығарып көр» айдарындағы тапсырма «Ойлан –жұптас»

әдісі арқылы орындалады.

Талдау барысында оқушылар сатып алынған заттардың бағасын анықтайды.Ұсынылған азық-түлік бағасын қосып монеталарды ұсақтау дағдысын қолданып заттардың құнын есептеп төлейді.

(ҚБ) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.

9. (Д) «Орындап көр».

-Бағасы 70 теңге тұратын бананның құнын ең аз монета жұмсап қалай төлеуге болады?

70 теңге алу мақсатында құны қандай монеталарды пайдалануға болады.( тәжірибе жүзінде көрсету).Оқушылардың жауаптарын салыстырып,ең аз монета қолданған оқушыны табу,мадақтау.Мыс: Жарайсың!

Жауабы:

70=20+20+20+10

Дескриптор: Білім алушы:

-бағасы 70 теңге тұратын бананның құнын монета жұмсап төлей алады.

-бағасы 70 теңге тұратын бананның құнын ең аз монета жұмсап төлей алады.

(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

видео

Математика оқулығы

86-87 бет

Монеталар, текше

Математика оқулығы

86-87 бет

Дәптер

81-жұмыс парағы,

83 бет

Дәптер 82- жұмыс парағы

84 бет

Математика оқулығы

86-87 бет

Математика оқулығы

86-87 бет

Сабақтың соңы

10. Рефлексия:

Жоғарғы баспалдақ – тапсырманы орындай алдым

Ортаңғы баспалдақ – аздап қиналдым

Төменгі баспалдақ – тапсырманы орындай алмадым

Жетістік баспалдағы

Автор
Дата добавления 07.10.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров181
Номер материала 4545
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.