Уроки математики / Конспект урока / Координаталық жазықтық 6 сынып

Координаталық жазықтық 6 сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.

Мектеп: Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі ММ

Күні: 24.02.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Қымбат Ораловна

Жүсіпбекова Әйгерім Бердібекқызы

Сынып: 6 «Г»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 Координаталық жазықтықтықтың ұғымын меңгеру

6.3.1.2 Тік бұрыштың координаталар жүйесін салу

Сабақтың мақсаты

Тік бұрышты координаталар жүйесі ұғымын білу;

Координаталық жазықтықта берірген нүктенің координаталарын табу;

Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орнын таба білу;

Бағалау критерийі

Тік бұрышты координаталар жүйесін біледі.

Координаталар жүйесін сала отырып, жазықтықтан кез-келген нүктені таба алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Координата,кесінді,перпендикуляр, осі, ордината, абцисса, жазықтық, нүкте.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Координаталық жазықтық дегеніміз ……

Санақ басы дегеніміз…..

Нүктенің жазықтықтағы орны………

Ширек дегеніміз……..

Осьтердің басқаша атауы……

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идея құндылықтың негізге ала отырып оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті ету.

Пәнаралық байланыс

География,физика,информатика.

Алдыңғы білім

Сәуле кесінді нүкте түзү фигураларын біледі.

Координаталық жүйесін біледі.

Координаталық жүиенің бас нүктесі О болатынын біледі.

Фигураларды салуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

2 минут

1 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Көршіңді тексер» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерлерін алмасу арқылы тексереді.

3. «Доп лақтыру» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталай отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын ашу

1. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер дегеніміз не?

2. Ось дегеніміз не?

3. Бұрыш дегеніміз не?

4. Вертикаль бұрыш дегеніміз не?

5. Параллель түзулер дегеніміз не?

6. Тік бұрыш дегеніміз не?

7. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?

Қалыптастырушы бағалау. ( жарайсың, керемет, жақсы деген тіркестер арқылы оқушыларды ынталандырып, мадақтап отыру).

Сабақтың ортасы

8 минут

2 минут

6 минут

Топтық жұмыс

10 мин

Жаңа сабақты меңгерту

у (ордината)

ІІ ширек 3 І ширек

( - ; + ) 2 ( + ; + )

1

абсцисса осі

-3 -2 -1 О 1 2 3 х

-1

-2

ІІІ ширек ІV ширек

( - ; - ) ( +; - )

Санақ басы О нұктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.

Берілген нүктенің абсциссасы (х), ординатасы (у) нүктенің координаталары деп аталады

Нүктенің жазықтықтағы орны сандар жұбымен анықталады.

Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды.

1077 ауызша. Координаталары мен нүклереді, шектерді атау керек.

Топқа фигуралар бойынша бөлеміз.

1-тапсырма

І ширек

1078. Тікбұрышты координаталар жүйесін сызып, координаталары берілген нүктелерді белгілеңдер, қай ширекте жатқанын анықтап жаз:

  1. х=2, у=3 3) х=-4, у=-2 5) х=-1,у=0

ІІ ширек

1078. Тікбұрышты координаталар жүйесін сызып, координаталары берілген нүктелерді белгілеңдер, ширектегі таңбасын анықтап жаз:

2) х=-3, у=1 4) х=0, у=-3 6) х=0,у=5

ІІІ ширек

1078. Координаталық жазықтықтан А(-2;4), В(-1;-3), С(-1;5), Д(1;-3), Е(-5;2) нүктелерін белгілеңдер, қай ширекте жатқанын анықтап жаз.

IV ширек

1078. Ұштарының координаталары бойынша АВ, СД, ЕК кесінділерін салыңдар.Кесіндінің ұштары қай ширекте жатқанын анықтап жаз. А(3;1), В(-3;3), С(-2;-3), Д(4;-1), Е(1;3), К(3;-4)

Дескриптор

  1. Координаталық жазықтықта кез-келген нүктені табады;

  2. Қай ширекте екенін анықтай алады;

  3. Әр ширектегі таңбасын біледі.

2-тапсырма

«Постер» әдісі

Әр топқа тікбұрышты координаталар жүйесі сызылған постер тарату.

Берілген нүктелерді тікбұрышты координаталар жүйесінде белгілеп, қандай кескін шығатынын анықта.

І ширек

(-4;-6), (-4;-5), (-3;-4), (-4;-3), (-3;-2), (-5;0), (-5;3), (-3;5), (-3;6), (-2;5), (0;5), (1;4), (2,5;4), (3;3), (1;3), (2;3), (-1;2), (1;0,5), (1;-1), (0;-2), (1;-3), (0;-4), (1;-5), (1;-6), (-4;-6) көз (-1;4)

ІІ ширек

(0;0), (-1;1), (-3;1), (-2;3), (-4;6), (0;8), (2;5), (2;11), (6;10), (3;9), (4;5), (3;0), (2;0), (1;-7), (3;-8) , (0;-8), (0;0) көз (3;10)

ІІІ ширек

(3;0), (1;2), (-1;2), (3;5), (1;7), (-3;6), (-5;7), (-3;4), (-6;3), (-3;3), (-5; 2), (-5;-2), (-2;-3), (-4;-4), (1;-4), (3;-3), (6;1), (3;0), көзі (-1;5)

ІV ширек

(-7;1), (-5;3), (5;3), (6;5), (7;5), (7;2), (6;1), (-7;1), (0;2), (3;2), (5;-1), (3;-1), (0;3), (3;6), (5;6), (3;3)

Дискриптор

  1. Тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені таба алады.

  2. Кескінді дұрыс шығара алады,

Саралау

Координаталық жазықтықта нүктені таба алмай отырған оқушыға сабақты түсініп отырған оқушының көмектесуін талап етемін.

Оқулық

Оқулық

А3 форматты қағаздар, маркерлер

Постер

Сабақтың соңы

5 минут

3 минут

«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

Оқушыларға парақшалар (А4) таратамын. Ол парақшаға әрқайсысы өз қолдарының суретін салады. Әрбір саусақтарына бүгінгі сабақта үйренгендерін және алған әсерлерін жазады.

Үйге тапсырма №1079, №1080

Шығармашылық жұмыс ( кез-келген заттың бейнесін координаталық жазықтықта кескіндеу)

Дәптер

Смайлктер

СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сыныпта оқушылар топтық жұмыс жасау барысында координаталық жазықтықта нүктені дұрыс таба алмай отырған оқушыларға қабілеті жоғары оқушылардың көмектесуін талап етемін.

Оқушыларды мадақтау сөздері арқылы, смайликтер арқылы және бас бармақ арқылы бағалап отырамын.

Дәрісханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру сонымен қатар қарындашты, сызғышты қолдану кезінде сақ болу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Автор
Дата добавления 02.03.2020
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров1857
Номер материала 6578
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.