Уроки математики / Рабочая программа / ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"4 цифрымен танысу. Үлкен,кіші,кішкентай"

ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"4 цифрымен танысу. Үлкен,кіші,кішкентай"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№13

Білім саласы:«Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы:4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.

Мақсаты:4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.

Алдын-ала жүрггізілетін жұмыс:4 цифрымен танысу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.

Қостілдік құрам: төрт-четыре, сан-цифр, саңырауқұлақ-грибы.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Әйгерім өз себетіне,

Үш саңырауқұлақ салды.

Қарап жүрмей тағы да,

Тал қасынан біреуін алды.

Жоғалтпайық уақытты,

Бізге тек санау ғана қалды.

Балалар жұмбақ өлеңнің жауабын табады.

4 саңырауқұлақ.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

1-тапсырма.

Тәрбиеші суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:

-Неше дөңгелек салдыңдар?

-Неліктен?

2-тапсырма.

Тәрбиеші өлең оқып береді:

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң.

Қолын қойып беліне,

Шаршамайды ешқашан.

Тәрбиеші балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.

«Санамақ». Сергіту минуты.

Бір, екі, үш, төрт.

Жиналамыз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт.

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт.

Отырамыз бәріміз.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Тәрбиеші балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.

Тәрбиеші 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.

3-тапсырма.

Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша 3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кейін, тәрбиеші екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.

4-тапсырма.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Мені қардан жасапты,

Ойланып көр.

Қолым-таяқ,

Мұрным-сәбіз.

Көзім-көмір.

Тәрбиеші балаларға бір қарағанда бір-бірінен аумайтын, бірақ айырмашылықтары бар аққалаларды көрсетеді. Содан соң қанша айырмашылық тапса, сонша шеңберді бояуға тапсырма беремін. Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, төрт дөңгелек боялуы шарт.

Балалар 4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді.

Төрт.

Үшке бірді қоссақ төртеу болады.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Тапсырма дәптерге орындалады.

Балалар төрт моншақты бояйды. Балалар 4 цифрын сызады.

Балалар жаттығуларды орындайды.

Екі аяқтап алға қарай секіреді.

Бір орында тұрып секіреді, отырады.

Қолдарын жан-жаққа созады.

Балалар шаршыларды санайды.

Балалар суреттің ең кішкентайдан басталып, біртіндеп үлкейе беретінін айтады. Кішкентай балықтың суреті берілген, екіншісі одан үлкенірек, үшіншісі үлкен балық болатынын айтады. Тапсырманы орындайды.

Балалар жұмбақтың шешуін табады: Аққала.

Балалар олардың айырмашылықтарын атайды:

Аққаланың бірінің шелегінде қыраудың суреті бар, екіншісінде жоқ; бірінде екі түйме, екіншісінде бір ғана түйме; бірінің сол жағында сыпырғыш бар, екіншісінде жоқ.

Рефлексиялық- түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?

-Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өздерінің жұмыстарын тәрбиешінің үлгісімен салыстырады. Төрт саңырауқұлақ.

4 цифрымен.

Күтілетін нәтиже:

біледі:4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін.

игереді:4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді.

меңгереді:4 цифры туралы түсінікті.

Әдіскер:__________ Тәрбиеші:Жумагазиева А Е.

Автор
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Рабочая программа
Просмотров805
Номер материала 2667
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.