Уроки математики / Конспект урока / Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Реттік сандар туралы өткенді пысықтау"

Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Реттік сандар туралы өткенді пысықтау"

«Балбөбек»ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

технологиялық картасы№25

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Тақырыбы: Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Солға, оңға. Оқиғаның ізбе- ізділігін анықтау.

Мақсаты: реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); сандық және реттік санауды ажырата білуге үйрету; «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; «солға», «оңға» ұғымдарын ажырата білуді үйрету, оқиғаның ретін анықтауға үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Суреттер бойынша әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық.
Қостілдік құрам: бес- пять, жоғарыда – наверху, ортасында – по середине, шаршы-квадрат.

Қажетті құрал жабдықтар: цифрлар карточкасы, заттық суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар.
Қайырлы таң !
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора-жолдас, ұл мен қыз!

Бірге қайталады.

Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі

  1. тапсырма:

Тәрбиеші балалардан ойыншықтардың қандай ретпен орналастырғанын айтып беруін сұрайды. Тәрбиеші сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығын барын балалардың есіне салады. Оған көз жеткізу үшін тапсырманы дәптерге орындауды тапсырады.

- Үшінші орында қандай ойыншық тұр?

- Қоян нешінші тұр?

- Аю нешінші тұр?

- Қайсы ойыншық бесінші орында?

- Ал маймыл нешінші орында орналасқан?

Өткенді бекіту үшін екінші және төртінші ойыншықты бояуға тапсырма береді.

2 сурет

Алманың бір рет, екі рет тістелген, т.б суретін көрсету.

- Алма бастапқыда қандай болып еді, кейін қандай болды?

Тәрбиеші балаларға алмада болған өзгерістерді (оның бастапқыда қандай, кейін қандай болғанын) бағыт сызықтары арқылы көрсетуді тапсырады.

Сергіту сәті:

Бәріміз, біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

2-тапсырма

Тәрбиеші оңға қарай жүзіп бара жатқан балықтарды қызыл қарындашпен, солға қарай жүзіп бара жатқандарын сарымен бояуды сұрайды.

- Содан соң сұрақ қояды:

- Неше балық оңға жүзіп бара жатыр?

- Неше балық солға жүзіп бара жатыр?

Егер балалар тапсырманы тез орындаса, оң жақтағы мысықтың үстіне сұр, ал сол жақтағы мысықтың үстіне сары дақтар салуды ұсыныңыз.

Балалар ойыншықтарды атап көрсетеді.

- Түлкі үшінші тұр.

- Қоян төртінші тұр.

Екінші

Бақа

Бірінші

Балалар жұмыс дәптерлеріндегі аю мен қоянды бояйды.

Сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы дәптерге орындайды.

- Екі

- Екі

Рефлексивті- түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне қатысқаны үшін балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: 1ден 5- ке дейінгі цифрларды, «солға», «оңға» бағыттарын.
Үйрену: Сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді.
Меңгеру: реттік санау дағдысын.

Автор
Дата добавления 16.01.2018
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров665
Номер материала 5156
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.