Уроки математики / Конспект урока / Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Заттың санын цифрмен сәйкестендіру"

Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Заттың санын цифрмен сәйкестендіру"

«Балбөбек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы№31

Күні:

Білім беру саласы:«Таным»

Бөлімі: Қарапайым математиклық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Математикалық жұмбақ. Алыс, жақын. Баланың зейінін дамыту.

Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; математикалық жұмбақтарды шешуге үйрету; логикалық тапсырмаларды көрген мәліметтеріне сүйене отырып шешуді үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: алыс, жақын туралы түсінік беру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялық, ойын

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қуыршақ театрының кейіпкерлері.

Қостілдік құрам: алыс-далеко, жақын-близко, бала-ребенок

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог:

-Балалар, үстелдеріңде цифрлар жатыр. Мен санамақ оқимын, ал сендер мұқият тыңдап, соған сәйкес цифрларды көрсетіңдер.

Балалар санамақ мұқият тыңдайды және тиісті цифрларды көрсетеді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

1-тапсырма.

Қуыршақ театрының кейіпкерлері

-қоян,тышқан және аю балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Олардың әңгімесіне педагог араласты. Сөйтсе, достар кімнің қайда және қалай баратынын шеше алмай отыр екен. Педагог қонақтарға басу айтады және балалардан көмек сұрап көрелік деген ұсыныс жасайды.

Педагог балалардан сұрайды:

-Суреттегі көліктердің аты қандай және оның неше дөңгелегі бар?

Нақтылайды:

-Аңдардың киімдеріндегі цифрлар ойыншықтың дөңгелегімен санымен сәйкес болуы керек. Ендеше сан нешені көрсетсе, аңдар сонша дөңгелегі бар көлікті мініп кетеді.

-Бағыт сызығымен кімнің ойыншығы қайда екенін көрсетіңдер.

Қоян сұрайды:

-Машина кімдікі?

-Тышқан сұрайды:

-Самокат кімдікі?

Педагог балалардан:

-Велосипед кімдікі?-деп сұрайды.

Аңдар балаларға алғыс айтып кетіп қалады.

Қоян балалармен бірге қалады.

2-тапсырма.

Суретте неше қоян болса сонша дөңгелекті бояуға тапсырма береді.

«Сұр қоян» сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

3-тапсырма.

Қоян айтады:

-Менің үйім тиін мен кірпінің үйлерінің арасында.Қане, балалар, айтыңдаршы, біздің қайысымыз тиіннен алыс тұрамыз: мен бе, әлде кірпі ме? Қане, жауап тауып көріңдер.

Педагог балаларға дәптердегі көмекті пайдалануларын ұсынады. Қоян бәріне рахмет айтып кетіп қалады.

4-тапсырма.

Педагог екі суретті мұқият қарап шығып, олардың айырмашылығын табуды сұрайды:

-Неше дөңгелек боядыңдар?

-Қандай айырмашылық таптыңдар?

Самокатта екі дөңгелек, велосипедте 3 дөңгелек, машинада 4 дөңгелек бар.

Аюдікі, өйткені оның киімінде 4 деген цифр бар.

Қояндікі, өйткені оның киімінде 2 цифры бар.

Тышқандікі, өйткені оның киімінде 3 деген цифр бар.

Балалар жасырын тұрған қояндардың барлығын санап, 5 қоянды бояйды.

Балалар өлеңнің мәтіні бойынша қоянға тән қимылдар жасайды.

Балалар суреттен қоянның үйін тауып көрсетеді.

Тиіннен ең алыс тұратын кірпі. Өйткені кірпінің үйі менің үйімнен де кейін тұр.

Қоян мен оның үйін бояйды.

Төрт айырмашылықты тауып, 4 дөңгелекті бояйды.Сол жақтағы суреттен күн, оң жақтағысында бұлт тұр. Оң жақтағы суретте көбелек бар, сол жақтағы да жоқ.

Сол жақтағы суретте ағаштың жапырағы бар, ал оң жақтағыда жапырақ жоқ. Оң жақтағы тұрған суретте гүлдің жапрағы бар, ал сол жақтағы суретте гүлдің жапырағы жоқ.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балалардан қортынды шығарады.

4артық па, 5 артық па?

Балалар өздерінің жұмыстарын педгогтің үлгісімен салыстырады.

Балалар қорытынды шығарады: 5 саны 4-тен үлкен, 4 саны 5-тен кіші.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды; заттың орналасу ретін сөзбен баяндауды;

игереді: Математикалық жұмбақтарды шешуді; логикалық есептерді шешкен кезде талдай алуды; бір-біріне ұқсас екі суреттің айырмашылығын табуды.

меңгереді: Логикалық тапсырманы көрген мәліметтеріне сүйене отырып шешуді.

Автор
Дата добавления 16.01.2018
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров66
Номер материала 5157
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.