Пәні: Сауат ашу Күні: Сынып: 1 | Мектеп:Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі Мұғалім:Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна Қатыспағандар саны:0 | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақтың тақырыбы: | 4.7 Г дыбысы мен әрпі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. | ||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Әріпті таниды, ажыратады. Жазу жолын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза біледі. Көптеген оқушылар: Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) түсінеді. Кейбір оқушылар: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құруды қолданады. | ||
Бағалау критерийлері: | Әріпті таниды, ажыратады, сөздерді буындап, тұтас, түсініп оқиды,сөздерді буынға бөледі,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады,сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады. | ||
Тілдік мақсаттар: | Гүл – цветы - flower | ||
Құндылықтарды дарыту: | Жауапкершілік,өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау. | ||
Пәнаралық байланыстар: | Дүниетану,ағылшын тілі | ||
Акт қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, компьютер | ||
Бастапқы білім: | «Сұрақ менен, жауап сізден ...» әдісі арқылы бастапқы білімнен жаңа білімге түсемін. | ||
Жоспарланған уақыт есебі. | Сабақ барысы: | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 мин | Психологиялық ахуал Адал жақсы ниетпен Бар адамға бақ тілеп. Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі-Ақ тілек! Бөлінейік топқа біз, Қызыл, көкті текшемен Дауысты және дауыссыз боп! Топқа бөлу: Дауысты, дауыссыз текше арқылы. «Сұрақ менен, жауап сізден...» әдісі -Балалар сіздердің алдарыңызға қызыл-көк түске боялған текшелер бар.Сол текшелерде сұрақтар жазылған?Сол сұрақтарға , қане ,жауап берелік. -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Әріптерден не құралады? -Сөздерден не құралады? -Ал енді,балалар, текшенің артқы жағын қарай қойыңдаршы,ненің суреті екен? -Глобус, гитара,газет. -Осы сөздер қандай әріптен басталып тұр? - Г әрпі -Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі» деп аталады. | ||
Сабақтың ортасы Дәлелдеудің 4 кезеңі: 1.Елестету 2.Салыстыру 3.Түсінік беру 4.Мақұлдау Тыңдалым Айтылым 1.Елестету 10 минут Сергіту сәті 2мин Оқылым Түсінік беру 7 минут Жазылым Салыстыру 6 минут | «Кинометафора» әдісі бойынша бейнерфильм көрсету.
«Серпілген сауал» әдісі. Балалар видеороликтен не көрдіңіздер? Ондағы кейіпкерлер кімдер? Олар атасы мен әжесіне не сыйлады?Гүлдің пайдасы туралы не білесіңдер? Осы гул сөздегі таныс емес әріпті атаңдаршы және ол қалай айтылып тұр? Г әрпі дыбыстың қай түріне жатады? Гүл сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаңдар. Г дыбысы кездесетін сөздер ойлаңдар және ол дыбыс қай жерінде кездесіп тұр? Ал олай болса гүл сөзін үш тілде айта қойыңдар. Тірек сөз Гүл-цветы-flower Критерий: Әріпті таниды, ажыратады, сөздерді буындап, тұтас, түсініп оқиды,сөздерді буынға бөледі,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады,сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады. Дескриптор:
Ынталандыру Бейнеролик арқылы жаттығу жасату. «Қызыл гүлім» «Еркін микрафон» әдісі арқылы топтық жұмыс 1-топ «Дауысты дыбыстар» Сөздерді оқы, мағынасын түсіндір.Буынға бөл. шеге неге ардагер гүл егеу Негеш кереге Гүлнұр 2-топ «Дауыссыз дыбыстар» Сөйлемдерді оқы, сұраққа жауап бер.Әр сөйлемдегі бір сөзге дыбыстық талдау жаса. Дескриптор:
Ынталандыру Дәптермен жұмыс 1.Ым, ишара арқылы Г әрпін ауада жаздыру. 2.Әріпті, буынды, сөздерді жазу жолына сауатты,адемі жаз. Дескриптор:
Ынталандыру. Керемет!Жарайсың! | https:/youtu.be/ JuxkMYJk_Q https:/youtu.be/ sPX27NNVWCY | |
Сабақтың соңы. Мақұлдау 6минут | «Артық сөз» әдісі. -Балалар, менің алдымда қима парақшаларға жазылған сөздер бар.Бұл сөздер бүгінгі біздің өтілген тақырыбымызға қатысы бар және ешқандай қатысы жоқ сөздер.Енді осы сабағымызға қатысы бар сөздерді «Негізгі сөздер» сөзі жазылған банкаға ,сабағамызға қатысы жоқ сөздерді «Сөздер» сөзі жазылған банкаға саламыз. | ||
4 минут | Қалыптастырушы бағалау «Баспалдақ жетістігі»арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін. Балалар өздеріңнің бүгінгі сабақтан алған білім деңгейлеріңді қай баспалдақтан көретіңдеріңді белгілеңдер. Білген жоқпын Білерім бар Толықтай білдім | ||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
1-тапсырма Сюжетті сурет бойынша әңгіме құра. Гүл сөзіне 5 жолды өлең құра. 2-тапсырма Сөздердегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен боя. 3-тапсырма Мына сөздерді оқы және буынға бөліп жаз. | Суретке сәйкес құралған. Жарайсың! Сабаққа өте жақсы қатыстың! Тамаша! | Қаламды дұрыс қолдана білу Түрлі –түсті бояу пайдалану барысында киімдерін ластамау. |
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 09.01.2019 |
Раздел | Начальная |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 3259 |
Номер материала | 6038 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |