Описание презентации по отдельным слайдам:
Математика Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер (екі таңбалы сандар) Сабақтың мақсаты: Теңдеулермен таныстыру.Оларды ажыратып, мәнін таба білуге үйрету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Құрылымы күрделі өрнекті жазып, мінін таба білуге үйрету. Түзете – дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын. Көрнекі-құралдар: суреттер, кеспе цифрлар, үлестірме материалдар, тақта, бор. I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3 Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз! III. Жаңа сабақ. Жарайсыңдар, балалар! Есепті теңдеу құру арқылы шешу. «Ой қозғау» Теңдеудің неше түрі бар (күрделі, қарапайым) Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылы,ы неде (ұқсастығы екеуіде теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қарапайым: тек қана бір амалмен орындалады.) Суретпен жұмыс.Суретте неше шаршы бейнеленген? 10 үшбұрышқа 15 үшбұрышты қосамыз. Неше үшбұрыш болады? 9 дөңгелектен 8 дөңгелекті аламыз. Неше дөңгелек қалады? «Теңге құрастыру» ойыны 1,3,4,5 сандарын пайдаланып теңге құрастыру. 5: 2+2+1; 3+2; 1+1+1+1+1 3:1+1+1; 2+1; 1+2 4:2+2; 1+1+1+1 IY .Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!» Бір дегенім – білек, Білсең, білек те керек. Екі дегенім – еңбек, Еңбек бәрін жеңбек. Оқулықпен жұмыс. Балаларды 2 топқа бөлу тапсырманы орындату, 10 құрамын анықтау. Дәптермен жұмыс. Мысалдар шығару II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Оқып білім аламыз Біздер зерек баламыз Математика пәнінде, Тапқыр, алғыр боламыз. Тақтамен жұмыс: Теңдеу шешу. Теңдікті жаз. 4+2=6 Сынап көру тәсілімен х-30=7 х=7+30 х=37 37-30=7 7=7 Тура санды теңдік шықты. х-40=9 х=40+9 х=49 49-40=9 9=9 Тура санды теңдік 10 + 2 3-1 10 + 9 9-9 4+7 20-15 3+20 5-1 10+4 5-4 24+3 25-15 IY .Сергіту сәті. III апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). -Балалар, біздің қолдарымызда барлығы он саусақ бар екен. Саусақтарымызға біраз жаттығу жасап алайық. Саусақ жаттығулары: 1.Саусақтарды үстел үстіне қойып, бір – бірлеп көтеру; 2.Саусақтарды бір – біріне кезек – кезек ілу арқылы амандастыру; 3.Саусақ басын шерту; 4.Саусақтарды үстел үстімен адымдатып жүргізу; 5.Қолды айқастырып, білезік тұстан айналдыру. Мұғалім тақтаға 1-10-ға, 15-ке, 25-ке, 35-ке дейінгі цифрларды магнитпен жапсырады. 1.«Жоқ цифрды тап» ойыны ойналады. Ойынның шарты: Мұғалім балалардың көздерін жұмғызып, кез – келген цифрды немесе цифрларды алып тастайды. Балалар көздерін ашып, жоқ цифрды тауып, атайды. IY .Сергіту сәті. IV апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Не өзгерді?» ойыны. Шарты: Мұғалім балалардың көздерін жұмғызып, цифрлардың орнын ауыстырып жібереді. Балалар көздерін ашып, орындары ауысып кеткен цифрларды орын – орнына қояды. Ойын: «Орнын тап» Қосу амалын орында.5,2,4,3 3, 5,10 теңгеліктердің құрамын анықтау. 3 = 1+1+1; 5= 3+1+1; 10= 5+5; 10= 5+3+1+1; 10= 3+3+3+1; IY .Сергіту сәті. «Сиқырлы қапшық» ойыны. Мұғалім қапшықтан 10 допты алды 7 допты тәрелкеге салды.. Сонда қолымда неше кәмпит қалды? Балалар өздері сандармен азайтуға және қосуға берілген есептерді ойлап табады. VI. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау. Күтілетін нәтиже: Құрылымы күрделі өрнекті жазып, мінін таба білуге үйрету. Меңгереді: Теңдеулерді шығарып, ажырата білуі Игереді: Теңдеулерді шығарып ажырата білуді игереді. Біледі: Теңдеулерді есептеп шығара алуды.
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 21.04.2020 |
Раздел | Алгебра |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 2132 |
Номер материала | 6607 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |