Уроки математики / Конспект урока / Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру 5 сынып

Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру 5 сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Ақтоған шағын орталықты орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нысанбаева Г.Т

Сынып: 5 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру

Сабақ мақсаты

Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыруды біледі

Бағалау критериі

Аралас сандардың түрін ажыратады;

Бөлшектерді қысқартуды және оларды ортақ бөлімге келтіруді біледі

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды біледі

Алымдары бірдей бөлшектерді салыстыруды біледі

Бөлімдері де, алымдары да әр түрлі бөлшектерді салыстыруды біледі

Аралас сандарды салыстыруды біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушы: екендігін түсінеді.

Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді.

Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек – дробь - fraction

Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction

Алымы – числитель - numerator

Бөлімі – знаменатель – denominator

Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction

Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction

Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction

Аралас сан – смешанное число - mixed number

Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator

Қосу – сложение - addition

Азайту – вычитание - subtraction

Дробь больше – бөлшек үлкен .... – fraction is more than ….

Дробь меньше – бөлшек кіші .... – fraction is less than ….

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аралас сан дегеніміз - ...

Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ...

... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын

... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын

... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ...

Бқл аралас санның бүтін бөлігін ...

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Пәнаралық байланыстар

Тілдік қатынастар бойынша, орыс тілі және ағылшын тілі

Сергіту сәтін қолдануда өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация

Бастапқы білім

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Білім жаңарту

  1. Үй жұмысын тексеру

  1. Жаңа тақырып

  1. Білімді шоғырландыру

  1. Сабақты қорытындылау

Бағалау

  1. Формативтік бағалау

  1. Рефлексия

  1. Үй жұмысы

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру. Оқушыларға бағалау парақшаларын тарату.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:

  • Жай бөлшек дегеніміз не?

  • Бөлшектің алымы дегеніміз не?

  • Бөлшектің бөлімі дегеніміз не?

  • Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?

  • Жай бөлшектерді қалай қосамыз?

  • Ең кіші ортақ бөлім дегеніміз не?

  • Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

  • Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар өз есептерін сол жауаптармен сәйкестендіреді.

Сабақ мақсаттарын оқушыларға хабарлау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек – дробь - fraction

Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction

Алымы – числитель - numerator

Бөлімі – знаменатель – denominator

Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction

Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction

Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction

Аралас сан – смешанное число - mixed number

Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator

Қосу – сложение - addition

Азайту – вычитание - subtraction

Дробь больше – бөлшек үлкен .... – fraction is more than ….

Дробь меньше – бөлшек кіші .... – fraction is less than ….

Анықтама. Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы.

Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз.

Топпен жұмыс. 4-ке саналу арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.

«Галерея» стратегиясы бойынша, әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдейді. Тақырыптары бірдей топтар қосылып, жұмыстарының дұрыстығын талдайды. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, басқа топтарға түсіндіреді, қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді.

І және III топ. Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру.

1. Мысал.

Алдарыңызда жатқан карточкаларды қолданып, салыстыруларды орындаңыз.

2. Мысал.

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру туралы қандай ережелер қорытындылай аласыздар?

Қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен.

ІІ топ. Алымдары бірдей бөлшектерді салыстыру.

1. Мысал. Алдарыңызда жатқан карточкаларды қолданып, салыстыруларды орындаңыз.

2. Мысал.

Алымдары бірдей бөлшектерді салыстыру туралы қандай ережелер қорытындылай аласыздар?

Қайсысының бөлімі үлкен болса, сол бөлшек кіші.

Сергіту сәті.

Барлық оқушылар орындарынан тұрады. Слайдтарда бөлшектер көрсетіледі. Біреуі қызыл бояумен, екіншісі – көк түспен боялған. Егер қызыл түсті бөлшек үлкен болса – қолымызды басымыздан жоғары көтеріп қол соғамыз, егер көк түсті болса – отырамыз.

қол соғамыз

қол соғамыз

отырамыз

отырамыз

отыра да алмаймын, қол сағада алмаймын

қол соғамыз

отырамыз

қол соғамыз

Жұппен жұмыс.

1. Салыстырыңыздар.

а) б) в) ; г) д)

2.

1) Бірінші принтер 5 минутта 41 бет шығарады, екінші принтер 3 минутта 28 бет шығарады. Қай принтердің жұмыс өнімділігі көп?

2) Сабақтан тыс уақытта сынып оқушыларының -і сурет салғанды ұнатады, -і музыка тыңдағанды ұнатады. Сынып оқушыларының сурет салғанды ұнататыны көп пе, әлде музыка тыңдағанды ұнататыны көп пе?

3.Бөлшектерді өсу ретімен жазыңыздар:

4.

А) бөлшегінің бөлімін өзгертпей, одан 2, 3, 4, 6 есе кіші бөлшектерді жазыңыз.

Б) бөлшегінің алымын өзгертпей, одан 2, 4, 6, 8 есе үлкен бөлшектерді жазыңыз.

5. Дархан мен Бауыржан ойын автоматтарынан атыр ойнады. Дархан 12 рет атып, нысанаға 8 рет тигізді, ал Бауыржан 15 рет атып, нысанаға 9 рет тигізді. Балалардың қайсысының нысананы дәлдеп ату нәтижесі жақсы болды?

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Оқушылар бағалау парақшасын толтырып, мұғалімге өткізеді.

Бағалау парақшасы

Т.А.Ә.

+

?

-

Қайталау

Үй жұмысы

Топпен жұмыс

Жұппен жұмыс

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы: 5 « » Күні:

Оқу мақсаттары:

Аралас сандардың түрін ажыратады;

1. Аралас сандарды анықтаңыз:

Бөлімдері бірдей және алымдары бірдей бөлшектерді салыстыруды біледі

2. Тракторшылар бригадасы бірінші күні барлық учаскенің екінші күні жыртып шықты. Қай күні тракторшыдардың жұмыс өнімділігі көп?

Бөлімдері де, алымдары да әр түрлі бөлшектерді салыстыруды біледі

Аралас сандарды салыстыруды біледі.

3. Салыстырыңыздар:

А) ,

Б)

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды:

Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім.

Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім.

Топпен жұмыс жасау кезінде: .....................................түсіндім.

Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды.

Үй тапсырмаларын орындауға бағыттау:

Үйге тапсырма:

1.Бөлшектерді салыстырыңыздар:

2. Ерден, Жандос және Мәди 10м қашықтыққа жүгірді. Олар минутта, минутта және минутта келді. Ерден Мәдиден жылдам жүгірді, ал Жандос Ерденнен жылдам жүгірді. Берілген қашықтықты кім қанша уақыт жүгіріп, мәреге қандай реттілікпен жетті?

3. бөлшегімен алымы бірдей, бірақ одан:

А) 2 есе артық

Б) 3 есе кем бөлшекті жазыңыз.

Интербелсенді тақта

Қосымша 1

Математика, 5. Шыныбеков Ә.Н.

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

ЖАДАны қодану

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау, топты бағалау, жиынтық бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

«Миға шабуыл», өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс: «Галерея» стратегиясы, жұппен жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті: «Күннің шуағы», рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді

Уақыттың тапшылығы білінді. Оқушыларға жұмысты аяқтау үшін жоғары темппен жұмыс жасауға тура келді.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топпен жұмыс оқушылардың тақырыпты өзара көмек арқылы түсінулеріне септігін тигізіді.

2: Тапсырмалар жақсы құрастырылды, өйткені тапсырмалар оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың жеке тапсырмалар орындауы мұғалімге әрбір оқушыны бағалауға көмектесер еді.

2: Топпен жұмыс орындау уақытын қатал қадағалау қажет.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті. Оқушыларға бұл тақырыптан қиналған жоқ.

Автор
Дата добавления 22.10.2019
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров1844
Номер материала 6385
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.