Уроки математики / Формулы, схемы, таблицы / Функция және функцияның графигі (7-сынып)

Функция және функцияның графигі (7-сынып)

Күні: 04.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Сапакова У

Сынып: 7

Пәні: Алгебра

Сабақтың тақырыбы

Функция және функцияның графигі

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқып білу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;

7.5.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;

Сабақтың мақсаты

Функция және функцияның графигі ұғымдарын білу,

функцияның берілу тәсілдерін анықтау және функцияны әртүрлі тәсілдермен жаза білу

Бастапқы білім

Шамалар арасындағы тәуелділік, тура және кері пропорционал тәуелділік ұғымдарын білу, тура пропорционал тәуелділіктің графигін салу. Айнымалысы бар өрнектермен түрлендірулер жасай білу. Формулалармен жұмыс жасай білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 3 мин

Сабақтың басында мұғалім акцент жасайды:

- оқушылардың зейін қоюына

- оқушылармен бірлесіп сабақтың мақсаттарын анықтайды

- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды, жұптарға, топтарға біріктіреді (А, В және С деңгей)

Сабақтың ортасы

40 мин

  1. Ой қозғау – 7 мин.

Есеп: Пойыз Көкшетаудан Астанаға 120 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Пойыз t сағатта қандай жол жүреді? Жолдың уақыттан тәуелділігін формула арқылы жазыңыз. Пойыздың жүрген жолын анықтаңыз, егер

Оқушылар:

Егер

Егер

Егер

(Қосымша №1).

өрнегінің мәнін табыңыз. Кестені толтырыңыз:

х

3

2

1

0

1

2

3

Жауабы:

х

3

2

1

0

1

2

3

1

2

4

8

Жаңа материалмен жұмыс – 30 мин:

Мәндері ерікті таңдалатын t айнымалыны тәуелсіз айнымалы немесе аргумент, ал мәндері таңдалған t айнымалының мәндеріне қатысты анықталатын s айнымалыны тәуелді айнымалы немесе функция деп атайды.

Функцияның графигі деп координаталық жазықтықтың абсциссалары аргументтің мәндеріне тең, ал ординаталары сәйкес функцияның мәндеріне тең нүктелердің жиынын айтады. .

Тапсырма (ауызша орындалады) – 2 мин: Қандай суреттерде функциялардың графиктері көрсетілгенін анықтаңыз?

Топтық жүмыс – 15 мин.

А деңгейінің тапсырмасы

Өлшеулер нәтижесінде құрылған кестеде (қосымша №2) р ауа қысымының (сынап бағанасы миллиметрі есебімен) h биіктігінен( километр есебімен) тәуелділігі көрсетілген.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 1 км биіктікте ауаның қысымы неге тең? 4 км-де?

  2. Қандай биіктікте ауаның қысымы 596,7 мм с.б.? 404,8 мм с.б.?

  3. Қандай биіктікте ауаның қысымы ең кіші көрсеткішті көрсетеді?

Жауаптары:

  1. 614 с.б. мм.; 462,2 с.б. мм.;

  2. 2 км; 5 км;

  3. 5 км;

В деңгейінің тапсырмасы

Суретте ( қосымша № 3) бір тәулік бойы ауа температурасының өзгеруі көрсетілген.

1) Графиктен сағат 2-де, 8-де, 13-те ауаның температурасын табыңыз.

2) Тәуліктің қандай уақытында ауаның температурасы 00С болды?

Жауаптары:

1) -40С, 00С, 50С;

2) сағат 8-де және 24-те.

С деңгейінің тапсырмасы

Ауа температурасының өзгеруінің графигі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз (алдыңғы тапсырманы қараңыз, қосымша № 4):

1) Тәуліктің қандай уақытында ауаның температурасы ең жоғары болды? Ең төмен болды?

2) Тәуліктің қандай уақытында ауаның температурасы 00С-дан төмен түсті?

3) Неше сағат температура 00С-дан жоғары болды?

Жауаптары:

1) Сағат 13-те; 4-те;

2) 24-тен сағат 8–ге дейін;

3) 16 сағат.

III. Қорытынды – 2 мин Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

- Функция дегеніміз не?

- функцияның аргументтің 0-ге тең болған жағдайдағы функцияның мәнін табыңыз.

- Функцияның графигі дегеніміз не?

- Функционалды және функционалды емес тәуелділіктерге мысал келтіріңіз.

IV. Үй жұмысы – 1 мин.

Презентация.

Кузнецова Татьяна Алексеевна, математика пәнінің мұғалімі

МОУ «СОШ г. Ермолино» және Егоркина Надежда Викторовна, математика пәнінің мұғалімі Кокшетау қаласындағы ФМБ НЗМ

сабақ жоспарларының үзінділері

Ұсынылатын оқыту іс-әрекет

тері (7 сыныпқа арналған оқу жоспары)

Cабақтың соңы

2 мин

  • Осы сабақтың мақсаттары қандай болды?

  • Қойылған мақсаттарға жеттіңіз бе? Неліктен?

  • Қателіктеріңіздің себептері қандай?

  • Қателіктерді түзетуге Сізге не көмектесті?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлерге қатысты дифференциация сабақта практикалық жұмысты топтарда орындау барысында жүргізілді.

Сабақтың әрбір кезеңі өткен соң жұмысты бағалау жүргізіледі (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау немесе мұғалімнің бағалауы). Сабақтың соңында оқушылар орта процентті тауып, мұғалімге баяндайды

Физминутка

Автор
Дата добавления 30.11.2019
Раздел Алгебра
Подраздел Формулы, схемы, таблицы
Просмотров1998
Номер материала 6450
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.