Уроки математики / Рабочая программа / ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау"

ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау"

Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 3

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы: «Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау. Үлкен, кіші кішкентай. Шаршыны көптеген фигуралардың арасынан табу. Мақсаты: Сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау; заттарды санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); заттарды көлеміне қарай (үлкен, кішірек, кішкентай) салыстырға және сол сөздерді сөйлеу барысында қолдануға үйретуді жалғастыру; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) анықтап, оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету; геометриялық фигура-шаршы туралы пысықтау; шаршының көлемі әртүрлі болатынын түсіндіру.. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Ойын ойнату: «Пішінді орналастыр» Мақсаты: геометриялық фигуралар әртүрлі болатынын және оларды ұяға орналастыру. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, дәптермен жұмыс. Қостілділдік құрам: шаршы-квадрат,үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Іс-әрекеткезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер:Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жадырайды жүзіміз. Тәрбиеші балаларды тақтаның алдына шақырады: Балалар,үстелдің үстінде геометриялық фигуралар жатыр. Олардың арасынан шаршыны тауып, маған сол туралы айтып беріндерші. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Тәрбиеші балаларға дәптердегі суретті мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар шаршыны тауып, ол туралы әңгімелейді: Шаршының барлық 4 қабырғасы бірдей болады. Балалар суреттерді қарап швғады және сұрақтарға жауап береді. Үш Екі Бес

Ұйымдастырушы-лық ізденіс кезеңі

-Сәбіз қанша? Шие нешеу? Шалқан нешеу? Қияр нешеу? 2-тапсырма: Тәрбиеші балалармен бірге суретпен танысады және сұрақ қояды: -Тәрелкелердің көлемі қандай? -Алмалардың көлемі қандай?

Тапсырма: әр алманы өзінің тәрелкесіне сал, ол үшін көлемі жағынан бірдей алмалар мен тәрелкелердей бір-біріне сызық арқылы қосыңдар. «Күшік». Сергіту сәті. Мен-күшік, саққұлақ, Ойнаймын шапқылап. Серікпін қашан да Малшыға, шопанға. 3-тапсырма: Жұмбақ шешу. Байқап жатқан ел іздейді Малдан күдер үзбейді. Қорадағы қойға шабады. Кәне,жауабын кім табады?

Жаңғақ толы орманда, Күндіз тамақ айырып. Жатады кеш болғанда, Өз құйрығын жамылып. Бұл не?

Төрт

Тапсырманы орындайды.

Балалар күшік бейнесіне еніп, түрлі қимылдар жасайды.

Жұмбақты тыңдап жауабын табады

Қасқыр. Тиін.

Рефлексивті- түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. –Сендер шиені қандай карточкамен қостыңдар? Неліктен? -Ал алмұрты ше? Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Үлкен, кіші, кешкентай деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды біледі. Үйрену: Заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйренеді. Меңгеру: Шаршының көлемі жағынан әртүрлі болатынын меңгереді.

Автор
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Рабочая программа
Просмотров984
Номер материала 2668
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.