Уроки математики / Конспект урока / Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Математикалық жұмбақ"

Оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Математикалық жұмбақ"

«Балбөбек»ортаңғы тоюбының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№32

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Математикалық жұмбақ. Цифр туралы өткенді пысықтау. Кең, тар. Жыл мезгілдері.

Мақсаты: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді әрі қарай жалғастыру; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; сандардың арасындағы байланысты түсіндіру; «тез», «баяу» ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру; заттарды еніне қарап салыстыруды үйрету; логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Сандарды ретімен санау.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, демонсртациялық.

Қажетті көрнекі құралдар:каточкалар, заттық суреттер, сандар каточкасы, ойындарға берілген суреттер.

Қостілдік құрам: фигура - пішін, сан – цифр.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Педагогикалық аукцирон» ойын жаттығуы

Педагог балаларды математикалық аукционға қатысуға шақырады.

-Мен сендерге лотта, яғни карточкалар ұсынамын. Оны тек заттың санын білдіретін цифрды жылдам көтерген бала ғана әсатып ала алады.

Педагог лоттарды көрсетеді.

Ойын соңында ең бақытты «САТЫП АЛУШЫ» анықталады.

Балалар заттың санын білдіретін цифрды көрсетеді.

Балалар жеңімпазды құттықтайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1-тапсырма.

Суреттегі балапандарды санауды сұрайды.

Балаларға тапсырма:

-Суреттегі балапанның санын білідретін цифрды нүкте бойымен қос.

2-тапсырма.

-Цифрларды тиісті карточкалармен қосыңдар.

Содан соң балалардан сұрайды:

-5 цифрын қандай карточкалармен қостыңдар?

-4цифрын қандай карточкалармен қостыңдар?

-Қанша сурет болса, сонша дөңгелекті бояңдар.

3-тапсырма.

Педагог кең жолды сары қарандашпен, тар жолды жасылмен бояу туралы тапсырма береді.

-Кең жолда не келе жарыт?

-Тар жолда ше?

Педагог олардың мәреге асығып бара жатқанын айтады. Содан соң балалардан сұрайды:

-Мәреге бірінші қайсысы келеді?

-Неге?

Педагог балалардан жарыс жеңімпазын бояуды өтінеді.

4-тапсырма.

-Суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Оң жақтан жаз мезгіліне сәйкес келетін суреттерді атап, нені бояйтындарыңды анықтаңдар.

-Ал қай суретте артық? Неге артық?

Балалар балапандардың саны төртеу екенін анықтағаннан кейін, 4 цифрын көрсетеді және бастырып сызады.

5 цифрын 5 гүлдің суреті бар карточкамен қостық.

4цифрын 4 көбелегі бар карточкамен қостық.

Балалар 5 және ң дөңгелекті бояйды.

Кең жолда жылқы келе жатыр.

Тар жолмен ұлу келе жатыр.

Жылқы бірінші келеді себебі ол тез шабады, ал ұлу баяу жүреді.

Жаз мезгілі бейнеленген.Көбелекпен гүлді бояймыз. Ағашты сызып тастадық, өйткені жапырақтар күзде түседі. Ал аққала тек қыста болады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар қорытынды жасайды: 5 саны 4- тен артық, 4 саны 5-тен кем.

Күтілетін нәтиже:

біледі:4 пен 5 цифрларын салыстыруды; «тез», «баяу», «кең», «тар» ұғымдарын біледі;

игереді: 5-ке дейін санауды, заттар санын цифрмен сәйкестендіруді; заттарды еніне қарай салыстыруды игереді;

меңгереді:4 және 5 цифрлары туралы түсінікті; сандар арасындағы байланысты түсіне білуді меңгереді;

Автор
Дата добавления 16.01.2018
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров206
Номер материала 5158
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.