Уроки математики / Конспект урока / "Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері"

"Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері"

7.3А Үшбұрыштар_Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері_

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Оқушының аты-жөні:_____________________________________ _________________

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған тапсырмалар

7.3.1.23

теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;

1) Тең бүйірлі үшбұрыштың екі биіктігінің тең болатынын дәлелдеңдер

2) Табаны BC болатын ABC тең бүйірлі үшбұрышының AD медианасының бойынан E нүктесі алынған. Үшбұрыштар теңдігін дәлелдеңдер: 1) AEB және AEC; 2) BED және CED.

3) Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы оның биссектрисасы да, биіктігі де болатынын дәлелдеңіз.

4) Табаны АС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының ВД медианасы жүргізілген. Егер АВС үшбұрышының периметрі 110 см-ге, ал АВД үшбұрышының периметрі 95 см-ге тең болса, ВД медианасының ұзындығын табыңыз.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

тең бүйірлі және тең қабырғалы үшбұрыш анықтамасын біледі

тең қабырғалы және тең бүйірлі үшбұрыштар қасиеттерін біледі

Білімін қолдану

есептерді шығару барысында тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданады

тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштарын табады

тең бүйірлі және тең қабырғалы үшбұрыштар периметрін табады

периметрі біле отырып, берілген тәуелділіктер бойынша қабырғалар ұзындығын табады

Автор
Дата добавления 31.05.2018
Раздел Геометрия
Подраздел Конспект урока
Просмотров97
Номер материала 5757
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.